Ішке әуе рейстерін дамыту

Сондай-ақ бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Қазақ эйр" әуе компаниясының басшылығымен кездесті. Негізгі тақырыпқа ішкі әуе рейстерін дамыту мәселесі арқау болды. Мемлекет басшысының облыстар арасында автокөлік жолы ғана емес, әуе қатынасын да қалыптастыру туралы тапсырмасы бар. Осының негізінде Ақтөбені еліміздің өзге де аймақтарымен халықаралық әуежай арқылы байланыстыру мәселесі сөз  болды. Айта кету керек, қазір Ақтөбеден Шымкентке және Атырауға қатынайтын әуе рейсі бар. Болашақта Өскемен, Қарағанды, Қостанай қалаларына қатынайтын ұшақ бағыттары ашылмақ.  Бұл тұрғыда Ақтөбе әуежайының мүмкіндігі зор. Біріншіден, ұшақтың ұшу және қону жолдары жеткілікті, сондай-ақ Ақтөбеде жанар май бағасы да арзан. Осы мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану керектігін айтқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Қазақ эйр" әуе компаниясының басқарма төрағасы Блэр Поллакпен бірқатар жоспарларды бөлісті. Әуе компаниясының басшылығы Ақтөбе әуежайында өңірлік хаб құру туралы ұсынысын да айтып өтті. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға бұл келісімді болашақта құжаттық негізде бекіту туралы тапсырма берді.    

 

Қосылды: 
20.11.2015 - 11:59
Соңғы өзгерiстер: 
29.08.2016 - 16:53