Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді

Ағымдағы жылдың 17-19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Айгүл Амантайқызы Шайымова Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді.

А. Шайымова облыс әкімімен кездесіп, кездесу барысында мемлекеттік органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметіндегі бизнес-процесстерді оңтайландыру бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру сұрақтары талқыланды.

Облыс бойынша 1000-нан астам бағынысты ұйымдар бар болса, оның 27,0%-ы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету және сүйемелдеу салаларында жұмыс істейді және олардың жартысынан астамы бюджет қаражатынан қаржыландырылады.

Қазіргі таңда, Агенттік мүдделі мемлекеттік органдармен бірге мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының кейбір функцияларының бизнес процесстерін оңтайландыру, мемлекеттік ұйымдардың қосалқы қызметтерін орталықтандыру, ұйым қызметінің біртектес салаларын біріктіру бойынша ұсынымдар әзірледі.

А.Шайымова Ақтөбе қаласының, Алға және Мұғалжар аудандарының ведомстволық бағынысты ұйымдарында болды. Олар «Жолаушылар тасымалдарын басқару орталығы» ЖШС, «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС, «Ақтөбе қаласының ӘКК» «ҰК» АҚ, Алға ауданының ветеринарлық станциясы, Еркінкүш бастауыш мектебі, Халықты жұмыспен қамту орталығы және Мұғалжар ауданының өзге де объектілерінде болды.

  Қорытындысында А.Шайымова бюджет қаражатының дұрыс және ұтымды пайдаланылуын, сондай-ақ, ведомстволық бағынысты ұйымдардың бизнес процесстерін оңтайландыру бойынша талдау жүргізу жұмыстарын жалғастыру және бұл ретте, принципті және кәсіби тәсілдерді ұстану қажеттігін атап өтті.