Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған салтанатты шеруге 10 мыңнан астам ақтөбелік қатысты

Ақтөбе облысы Қазақстан халқының бірлігі күнін кеңінен атап өтуде.

Мерекелік іс-шаралар таңертеңмен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, еңбек ұжымдары мен оқу орындары, облыстың және қаланың құрметті азаматтарының, партиялардың, қоғамдық бірлестік өкілдерінің «Бірлігіміз жарасқан» салтанатты шеруімен басталды.

10 мыңнан астам қатысушы қаланың басты Әбілқайыр хан даңғылы бойымен салтанатты шерумен жүріп өтіп, «Қазақ халқына, мың алғыс!» стеласы жанындағы алаңда «Туған жер», «Рухани жаңғыру», «Астана - Мәңгілік ел», «Бақытты бала» тақырыбындағы театрландырылған көріністі тамашалады.

Салтанатты шараға қатысушыларды, сондай-ақ өңірдің барлық тұрғындары мен қонақтарын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мерекемен құттықтады.

- Бірлік - табысқа жетудің кілті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана, теңдестірілген саясатының арқасында көп ұлтты Қазақстан бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Тұрақтылық пен бірлік, біздің еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, экономиканы дамытуға, дамыған отыз елдің қатарына Қазақстанның тез қосылуына ықпал етеді.

Біз, Қазақстан халқы - бейбітшілік пен достықтың арқасында бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан үлкен көпұлтты отбасымыз. Біз - бір халықпыз, ортақ мүдделеріміз, бір болашағымыз бар! Ендеше, бірге, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанды, болашаққа сеніммен қарайтын елімізді көркейте берейік, - деді Бердібек Сапарбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы ерекше рөлін атап өтіп. 

Облыс әкімі еліміздің ұлттық бірлігін нығайтуға үлес қосқан 18 этномәдени бірлестікке олардың қызметін одан әрі дамыту үшін салтанатты жағдайда алғыс хаттар мен ақшалай гранттар табыс етті.

Мереке қонақтарына Татарстан мен Орынбордан келген шығармашылық топтардың концерттік бағдарламасы, ұлттық тағамдардан үлкен көрме, ұлттық спорттық жарыстар және тағы басқа шаралар ұсынылды. 

Бүгін Ақтөбедегі тоғыз алаңда концерттік және спорттық бағдарламалар өткізіліп жатыр. Бұдан басқа, ақтөбелік тұрғындар сағат 19.00-ден бастап Тұңғыш Президент, А.С. Пушкин атындағы және «Ретро» саябақтарында болатын кешкі мерекелік бағдарламаларға шақырылды.

 Айта кетейік, Ақтөбе облысында шамамен тоқсан ұлттың өкілдері тұрады. Ассамблеяның қамқорлығымен 18 этномәдени бірлестіктен басқа, 6 жексенбілік мектептер мен 10 жастар клубы жұмыс жасайды.

                                                                                                                                                        
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі