Қазақтың тұңғыш әйел дәрігері А. Досжановаға ескерткіш қойылды

Қазақтан шыққан тұңғыш әйел дәрігер Аққағаз Досжанованың құрметіне ескерткіш қойылып, қаладағы көшелердің біріне есімі берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Светлана Жақыпова, медицина саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Осы шараға арнайы Аққағаз Досжанованың келіні, немере -шөберелері де келді.

Аққағаз Досжанова қазақтың алғашқы дәрігер қыздарының бірі. Ол бірінші дүниежүзілік соғыстың кезінде жаралы кеңес әскерлерін емдеді. Алаш партиясының мүшесі ретінде  ұлттық мүддеге қызмет етті. Ел жадынан шығып бара жатқан жақсыларымыздың есімін жаңғырту ретінде бүгін Аққағаз Досжанованың ескерткіші қойылды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Аққағаз - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының тумасы. Аз ғана уақыт өмір сүрсе де, артына өшпес із қалдырды. Өнегеге толы өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі.

СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Жолдасы Әлімгерей мен Аққағаздың ұлдары Шахбаз Ершин қазақтың маңдайалды ғалымдарының бірі. Бүгінде 90 жаста. Денсаулығына байланысты бүгін ол шараға қатыса алмады. Дегенмен, Алматы қаласынан Аққағаз Досжанованың келіні, немере-шөберелері арнайы келді. Ал, Аққағаз Досжанова атына берілген көше енді қазақтың осындай мықты қызының атын санамызда жаңғыртып тұратыны сөзсіз.

 

 

Қосылды: 
17.06.2016 - 09:39
Соңғы өзгерiстер: 
09.09.2016 - 14:22