Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция

You are here

Ақтөбеде бүгін қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралар басталды. Бұл тарихи маңызы зор шараларға мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, еліміздің Астана, Алматы және басқа да қалаларынан, Ресей Федерациясынан делегациялар қатысуда. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы Ақтөбе өңірінде екі күнге жоспарланған. Бірінші күні Ақтөбе қаласында, ал ертең қазанның екісі күні Әйтеке би ауданының Толыбай ауылында жалғасады. Бұл жерде хан моласы қорымында Әбілқайыр хан мемориалды кешенінің ашылу салтанаты өтеді. Кешен аумағында  ескерткіш стелла, кесене орнатылған. Этноауыл көрінісі, ат спортынан жарыстар және ұлттық ойындар өтеді. Сонымен қатар Әбілқайыр ханға арналған музей Толыбай ауылынан ашылады. 

Жаңалықтар таспасы