Қаланың экологиялық мәселесін бақылауға алу тапсырылды

You are here

Қаланың ластанған ауасы күн тәртібінен түспей келе жатқан өзекті мәселелер қатарында. Өндіріс кезінде күкіртті сутек бөліп, атмосфералық ауа қабатын ластап отырған бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен бүгін облыс әкімі танысты. Сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны да назардан тыс қалмады. Ал шара соңында "Ақбұлақ" акционерлік қоғамында өткен кеңес барысында облыс орталығындағы ауаның ластану деңгейі талқыланды.

Облыс әкімі ең алдымен қаладағы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының және Ақтөбе хром қосындылары зауытының өндіріс кезінде бөлінетін қалдықтары тасталатын арнайы орынды барып көрді. Екі зауттың да қала ауасын ластап отырған жайы бар. Мамандардың айтуынша, мұнда ауаға бөлетін зиянды қалдықтардың мөлшері екі есеге артқан.

ЖАҚСЫҒАЛИ ИМАНҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Бүгінде Ақтөбеде 53 канализациялық, 3 автоматтандырылған станция бар. Мәселен, ауа құрамындағы химиялық заттарды тексеретін станцияда әр 20 минут сайын ауа сапасын арнайы копьютер құрылғысы арқылы бақылап отырады. Мұндағы көрсеткіш үш есеге артқан. Ал, тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны 2 шақырым жерде орналасқан. Жауапты мердігер мекеме "Ақтөбе тазақала" бүгінгі күнге дейін тек 60 пайыз қоқысын жойған. Әлі 40 пайыз жерді тазартуы тиіс.

Өткен жылдың соңында Ақтөбе облысының экологиялық жағдайын жақсарту үшін іс-шаралар қабылданып, бекітілген еді. Оның  орындалуына қазынадан 1 млрд.100 млн.теңге қаражат бөлінген. Бүгінде ірі кәсіпорындар күніне 11-12 тонна қоқыс төгеді. Ал, ол ағып барып, Елек өзеніне құяды. Бұл олқылықты жою үшін Ақтөбе таза қала серіктестігі мен ақбұлақ акционерлік қоғамы биылдан бастап бірлесіп жұмыстар атқаруды қолға алған. Нақтырақ айтсақ, талапты орындамаған кәсіпорындарға тиісті әкімшілік айыппұл салынбақ. Егер талапты алты айдың ішінде орындалмаса, ол сотқа жолданбақ. Ал облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұлдың айтуынша, келесі жылы қаланың кейбір аудандарында кәріз құю станциялары салынбақ.

НҰРЖАН АҚҚҰЛ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Облыс әкімі өз кезегінде қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жауапты мамандарға  бірқатар тапсырмалар берді. Бердібек Сапарбаев қоқыс полигонын бір ай мерзім ішінде кеңейту қажет деп міндеттеді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұден бөлек, көгалдандыру, көркейту мақсатында атқарылатын жұмыстарды күшейту қажеттігі де айтылды. Әсіресе, бұл жұмыстарға "Жасыл ел" жастар жасағын тарту мәселесі қозғалды.

 

Жаңалықтар таспасы