Қала әкімі қорытынды есептік кездесуін өткізді

You are here

Бүгін қала әкімі Бекбол Сағын тұрғындар алдында өткізген есеп беру кездесулерін аяқтады. Осыған дейін қалаға қарасты бес ауылдық округте және облыс орталығында берген есептерін облыстық драма театрда қорытындылады.  Еліміздің батысындағы қақпасы саналатын Ақтөбені өркендету, экономиканың, ғылым мен білімнің, медицинаның заманауи бағытта дамыған орталығына айналдыру - басты бағдар. Шаһар басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтіп, биыл қаланың дамуына қатысты жоспарларын баяндады.

Ақтөбе қаласына әкім болып тағайындалғанына аттай 100 күн болған Бекбол Сағынның есептік баяндамасын халық ұйып тыңдады. Облыс орталығының кешегісі мен бүгінгісін және алдағы даму жоспарын ашып көрсеткен қала әкімі тұрғындарды толғандырар мәселелерді тұтас қамтыды. Қаланың тіршілігіне қатысты маңызды салаларды айта келе, баға саясатын да түсіндіріп өтті.

БЕКБОЛ САҒЫН, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өткен жылдың соңғы айындағы есеп бойынша Ақтөбе қаласы тұрғындарының саны 450 мыңға жеткен. Енді, қала билігінің негізгі міндеті осы қыруар адамды азық-түлікпен, жұмыс орындарымен қамтып, шахарды Елбасы бекіткен бағдарлама негізінде еліміздің іргелі төрт қаласының біріне айналдыруға күш салу. Алайда, әлемдік дағдарыс пен басқалай қиындықтарды сылтау қылған тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер ең маңызды саналатын азық-түлік бағасын күн санап көтеріп жатыр. Ал, ірі дүкендермен меморандумдарға жариялы түрде қол қойған басшылар дүкендегі нан мен сүттің бағасын тежеуге де дәрменсіз. Демек, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қала басшысының баяндамасын тоқтатып, сұрақтың астына алуы халықтың көкейіндегі ойдың жалғасы.  

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

БЕКБОЛ САҒЫН, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі қала әкімінің орынбасарларына, бөлім басшыларына Жұмысты ширатуды тапсырды. Өйткені, қаланың іргесіндегі 5 миллиард теңге жұмсалған индустриалдық аймақ бос тұр. Ауыл шаруашылығын өркендетуі тиіс мемлекеттік бағдарламалар толық орындалмаған. Облыс әкімі өз сөзінде барлық ілгерілеу мен өсімнің Ақтөбе қаласынан басталуы тиіс екендігін атап өтті. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Тұрғындардың сауалдары жылдағы көрініс бойынша жер телімі, кезексіз пәтер алу сияқты тұрмыстық қиындықтарды да айналып өткен жоқ. Әсіресе, селолық округтердің өкілдері қала іргесіндегі ауылдардың жарық, су, көгілдір отын және қатынастың қиындығын айтты. Ал, іргелі зауыттардың етегінде орналасқан Махамбет ауылының тұрғыны жекеменшік үйлерін заңдастырып беруді сұрады.

БЕКБОЛ САҒЫН, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Коммуналдық мәселелер Ақтөбе қаласының үш жылдық даму жоспарына енгізілген. Демек, жарық, су мен жолдың мәселелері жоспар бойынша кезегімен шешіледі. Ал, жер телімінің 100 мыңан асқан тізіміне байланысты облыс әкімі нақты пікірін білдірді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Тұрғындардың бірқатар сауалына арқау болған пәтер кезегінде де 17 мыңдай адам бар. Бұл салада да тәртіп пен заңдылық сақталатындығын облыс басшысы қадап айтты. Ал, сайлау сайын өзінің фамилиясын сайлаушылар тізімінен таппай қалатын ақсақалдың шағымы елдің болашағына алаңдаушылықтың белгісі.

Тұрғындардың әрбір сауалын мұқият жазып отырған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің қорытынды сөзінде әрбір салаға жеке-жеке тоқталып өтті. Өндірісті дамыту, салық түсімін молайту, кіріс көзінің тың салаларын іздестіру, қаланы көріктендіруге байланысты қала әкіміне нақты тапсырмаларын берді. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиын соңында елдің басты құндылығы тұрақтылық екендігін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиналғандарға түсіндіріп өтті.

Қосылды: 
05.02.2016 - 10:49
Соңғы өзгерiстер: 
02.09.2016 - 12:28

Жаңалықтар таспасы