Қалмағанбетов Жолдас Нұрланұлы «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

Ақтөбе облысының әкімі Сапарбаев Б.М. 2017 жылғы 13 наурыздағы өкімімен Қалмағанбетов Жолдас Нұрланұлы «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

 

 

Қалмағанбетов Жолдас Нұрланұлы

1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін аяқтаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Темір ауданында жалпы білім беру мектебінде бастаған.

2004-2009 жылдар аралығында Темір ауданындағы Тасқопа және Шұбарши селолық округтерінде әкім қызметін атқарған.

2009 жылы тамыз айында Темір аудандық білім бөлімін басқарған.

2015 жылғы сәуір айынан бері – Темір ауданы әкімінің орынбасары.