Қаржыгерлер күніне арналған салтанатты кеш

You are here

Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония залында қаржыгерлердің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл- ұлттық валюта  теңге күнімен орайлас келетін маңызды мереке. Облыстағы қаржы жүйесінің қызметкерлерін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтап, ел экономикасын өркендету жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.

Осыдан 22 жыл бұрын ұлттық нақыштағы төл теңгеміз қабылданған болатын. Қазақ елі өз валютасын айналымға шығарғанда, алаңдаушылық болғаны жасырын емес. Дегемен, теңге,  уақыт ағымына сай, өз өміршеңдігін көрсетті. Осылай деген облыс басшысы, қаржы саласының қызметкерлері Үкіметтің, Ұлттық Банктің, әкімдіктің саясатын жүргізуге белсене қатысып, еліміздің дамуына үлес қосып отырғанын атап өтті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Салтанатты шарада үздік қаржыгерлер алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Банк саласының қызметкерлері, өздерінің төл мерекесі қарсаңында мұқтаж жандарға ақшалай және заттай сыйлық жасап, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Мұндай көмек қарттар үйі мен балалар үйіне және мүгедек жандарға берілді. 

ПЕРИЗАТ  АСИМБЕТОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Мерекелік шара облыстық филармонияның әртістері мен банк қызметкерлері қатысқан Гала  концертпен аяқталды. Мерекенің жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан Ұлттық Банк филиалына және екінші деңгейлі банктерге облыстық филармония ұжымының атынан алғыс хат тапсырылды. 

 

 

Қосылды: 
09.11.2015 - 17:22
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 09:26

Жаңалықтар таспасы