Қарттарға жаңа жылдық сыйлық табысталды

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қарттар және мүгедектердің интернат-үйіне барды. Облыс басшысы қарияларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Олардың жағдайымен танысып, қарттар үйін аралап көрді.

Жаңа жыл қарсаңында Қарттар үйіне арнайы барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев үй тұрғындарын мерекемен құттықтап, жағдайымен танысты. Жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Облыс басшысы құттықтай келе, елбасының сындарлы саясатының нәтижесінде елімізде қарияларға барлық жағдай жасалып жатқанын жеткізді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал, қариялар өз кезегінде облыс басшысына жылы лебіздерін білдірді. Қариялардың сөзінше, әр мереке сайын студенттер мен еріктілер, түрлі сала қызметкерлері келіп, құрмет көрсетеді. Арнайы концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, өз тартуларын ұсынады екен.

ВЕРА ПОЛУЭКТОВА

Бізді үнемі жастар келіп құттықтайды. Қарттарды елеп-ескеріп, арнайы сый-сияпат жасап тұрады. Біздер сол үшін алғысымызды білдіреміз. Бір өтінішіміз бар. Біз үшін Қарттар үйінің маңынан аялдама салып берсе, жақсы болар еді.

Өңір басшысы қарттар үйінің тынысымен танысып, бөлмелерді аралап көрді. Мұнда барлығы 284 адам қамқорлыққа алынған. Оның 111-і мүгедек жандар. Медициналық және әлеуметтік қызметкерлер үнемі жандарынан табылып, қызмет ету міндеттерінен айныған емес. Облыс әкімі оларға жасап жатқан еңбектері зор деп тоқталды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қариялар үйінде олар үшін арнайы "кітап сыйла" атты акция ұйымдастыру қажеттігін тапсырды. Айта кету керек, бүгінде интернатта кітапхана, жаттығу залдары, тігін және медициналық емдеу бөлмелері жұмыс жасайды.

Қосылды: 
31.12.2015 - 15:43
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 11:01