Қоғамдық көмекшілер институты құрылды

You are here

Бүгіннен бастап облыс әкімі жанынан қоғамдық көмекшілер институты жұмыс істейді. Бұл институт әкімдердің халықпен байланысын нығайту, жергілікті жерлердегі істің жай-жапсары, жалпы халықтың көңіл-күйі, оларды толғандыратын мәселелер туралы әкімнің хабардарлығын арттыру мақсатында құрылып отыр. Оған әр ауданнан өкіл тағайындалды. Қоғамдық көмекшілер кеңесінде жергілікті жерде еңбек еткен, өмірлік тәжрибелері мол, қоғамдық жұмыстарда белсенділік көрсетіп жүрген ел-ағалары бар.

Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өткізген жиында айтылды. Облыс басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қысқаша тоқталып, қордаланған проблемалар  бар екенін жеткізді. Осы мәселелерді жаңадан құрылған қоғамдық көмекшілер кеңесімен бірлесіп шешуге шақырды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қоғамдық көмекшілер үшін жергілікті әкімдіктерде арнайы кабинет бөлініп, жұмыс жасауға барлық жағдай жасалады. Олар жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы қоғамдық пікірді зерттеп, елді- мекендерді аралап, халықпен жүздесіп, сол өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық жағдай туралы облыс әкімін хабардар етіп тұрады. 

АМАНҒОС ТӨЛЕУОВ, "СТЕПНОЕ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Жиналыс соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиналғандарға  қоғамдық көмекші екенін растайтын куәліктерді тапсырып, табысты еңбек етулеріне тілегін білдірді.

Жаңалықтар таспасы