ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтауы және әдеп жөніндегі этикалық нормаларын сақтау жөнінде құзырлы органдарының рөлі

2017 жылы 26 мамырда Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында  «Нұр Отан» партиясы ғимаратында Ақтөбе облысының әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық жұмыстары бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Қ.Сейлов,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас мамандары Л.А.Қосаева, С.Ж. Қуантаевамен бірлесіп «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтауы және әдеп жөніндегі этикалық нормаларын сақтау жөнінде құзырлы органдарының рөлі» тақырыбында, сонымен бірге аудандағы барлық мемлекеттік қызметкерлердің арасында мемлекеттік қызмет туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың сақталуына түсіндірме жасап, семинар өткізді.

Сонымен қатар, қызметтік этика нормаларының сақталуына, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасында моральдық- психологиялық климатының жай-күйіне анонимді сауалнама жүргізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілерге моральдық-адамгершілік талаптарын түсіндіру, олардың қоғамдағы рөлін, беделін нығайту және оларға азаматтардың сенімін арттыру.

Семинар соңында әдеп жөнінде уәкіл Ғ.Сейловпен азаматтарды жеке қабылдауын өткізіп, әр түрлі мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді.