Қызылорда өнімдері Ақтөбеде

You are here

Ел аймақтарында азық-түлік белдеуін қалыптастыру, шетелдік тауарлардан гөрі отандық өнімдерді тұтыну арқылы қазақстандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Бұл  - Елбасы тапсырмасы. Мемлекет басшысы қойып отырған міндет үдесінен шығу үшін қазір Ақтөбе еліміздің оңтүстік облыстарымен келісім-шартқа отырды. Мәселен, мереке күндері "Орда" сауда үйінде "Қызылорда-Ақтөбе" деп аталатын көрме-жәрмеңкеде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары алғашқы келіссөздер туралы айтып берді.

СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жәрмеңкеге облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі де барды. Сыр елінің ақтөбеліктерге тартуындай болған жәрмеңкеде негізінен ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылды. Қызылорданың 50 тонна ақ күріші, 10 тонна жылқы, сиыр, түйе еттері, балық, тұз, кондитерлік өнімдер, сүт және сүт өнімдері, ұн және макарон өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, жалпы алғанда 130 тоннадан астам азық-түлік тауарлары әкелінді. Әсіресе, күріш пен балыққа ұзын сонар кезек қалыптасты.

ЖАҚСЫБЕК ЕСҚАРАЕВ, "АГРОХОЛДИНГ-БАЙҚОҢЫР" ЖШС ӨКІЛІ (ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ)

Жәрмкеңкеге сыр елінен азық түлік пен қатар, индустриалдық-инновациялық бағытты ұстанған кәсіпорындардың өнімдері де әкелінді. Облыс әкімі барлық қатарларды аралап, тауарөндірушілермен тілдесті. Қызылорда облысының мүмкіндіктерімен танысып, өзара тауар алмасу туралы ойларымен бөлісті. Жалпы, "Орда" сауда үйіне жиналған қарақұрым халық қызылорда өнімдерін лезде көтеріп әкетті. Өйткені, бағасы мен сапасы сай өнімдер жергілікті баға саясатын қалыптастыруға оң ықпалын тигізеді.

РАХИЯ САМАЕВА, "ҚЫЛЫШ" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ (ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ)

Жәрмеңкеде күріш - 155, қырыққабат - 60, сәбіз - 50, пияз қырық теңгеден саудаланды. Сиырдың еті 950 теңгеден сатылып, базар сөрелері әп сәтте босап жатты. Ал, ақ сазанының келісі екі жүз теңгеден сатылды. Ал қызылордалықтар Ақтөбеден тауық жұмыртқасын, өсімдік майын аламыз деп отыр. Бүгінгі жәрмеңкеге Ақтөбе облысының да ет-сүт өнімдері шығарылды. Екі облыс арасындағы сауда-экономикалық байланыстар нығая түссе, отандық нарықты дамытуға өлшеусіз үлес қосылмақ. Бұл Елбасының тапсырмасы.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Алдағы сәуір айына дейін екі облыстың әкімдігі мен тауар өндірушілері негізгі келіссөздерге қол қоймақшы. Ал, олардың ізін ала Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың кездесуі жоспарланған.

 

Қосылды: 
08.03.2016 - 16:31
Соңғы өзгерiстер: 
06.09.2016 - 11:34

Жаңалықтар таспасы