Қылмысқа қатысты қарсы істі қамтамсыз ету бойынша үйлестіру кеңесінің отырыс өтті

Енді өңір жаңалықтарына келейік. Облыс бойынша жасөспірімдер арасында қылмыс жасап, тіркелгендер саны артқан. Ал мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде уақытын кешіктіріп, бюрократтық кедергілерге жол берген. Осы және өзге де мәселелер облыстық прокуратураның үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды. Кеңес жұмысына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Прокурорлық тексерулердің нәтижесін жайып салған кеңесте облыстық басқармалар мен департаменттер басшыларын сынға алынды. Тегеуріні мықты орган тарапынан айтылған бұлтартпас деректер жауапты тұлғалардың міндеттерін нықтады. Мәселен, облыстық прокуратура жүргізген тексерулер кеззінде мемлекеттік мекемелерде тұрғындардан қабылданған өтініштер уақытында қаралмай, мерзімдері кешіктірілгені анықталған. Бұл, әсіресе екі департаменттің жұмысына қатысты болды. 

МАРАТБЕК МЫРЗАМҰРАТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ БІРІНШІ  БАСҚАРМА  БАСТЫҒЫ

Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандардың барлығы бірдей,  бірыңғай стандартпен сатып алынатын арбаны қолдана алмайтындығы анықталды. Сондай-ақ дәрігерлер қызметінің қолжетімділігін жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды. Ал жасөспірімдердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстар облыста көңіл көншітпейді. Жасөсіпірімдердің тәртіп бұзу фактілері жиі кездеседі. Прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша облыстық білім басқармасы сайтындағы сенім телефондарының жұмыс жасамайтындығы анықталған. Бұл жерде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев білім басқармасының жұмысының ақсап тұрғанын сынға алды. Жалпы жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, құқықбұзушылықтың артып отырғаны қоғамды алаңдатуы тиіс деді облыс басшысы. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Құқықтық тәртіп және қылмысқа қарсы істі қамтамасыз ету бойынша үйлестіру кеңесінің отырысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік органдардағы заңбұзушылықтың алдын алу негізінде атқарылған жұмыстарды одан әрі жандандыра түсу керектігін айтты.

 

Қосылды: 
03.12.2015 - 12:20
Соңғы өзгерiстер: 
29.08.2016 - 15:56