Қырық отбасының қоныс тойы

You are here

Бүгін ақтөбелік қырық отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. "Бәйтерек" ұлттық холдингінің қаржылай қолдауының негізінде "Кең дала" тұрғын үй кешенінде салынған жаңа үйдің қоныстойына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишембаев қатысып, тұрғындарды құттықтады. Биыл ақтөбеде басталған үй құрылыстары жалғасып, жыл соңына дейін ақтөбеде 30 мың шаршы метр болатын 469 пәтер қожайындарына берілмек.

Екі балалы жас отбасының отағасы Байыржан Құсайыновтың қуанышында шек жоқ. Күтпеген жаңалыққа алғашқыда сене қоймағанын жасырмады. Себебі жақында ғана баспана сұрап, құжат тапсырған ол бірден кезегі келіп қалады деп ойламапты. Жас отбасының қуанышын бөлісуге туған-туыстары бірге келіп, мәре-сәре болды. 

БАУЫРЖАН ҚҰСАЙЫНОВ, ЖАҢА ПӘТЕР ИЕСІ

Бұл үй соңғы жылдары Кең дала тұрғын үй кешенінде бой көтерген жаңа үйлердің қатарына қосылған алты қабатты, 91 пәтерлі үй. Әзірге қырық отбасы қоныстанатын болды. Ал қалған пәтерлер кілті кезекте тұрғандардың төлем қабілеті расталысымен берілмек. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа қоныс иелерін құттықтады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Елбасы тапсырмасына орай, мұндай қолжетімді құрылыстар қазір Ақтөбеден өзге Астана, Ақтау, Талдықорған және қызылорда қалаларында салынып жатыр. Бұл пәтерлерді алуға қойылған талаптардың бір ерекшелігі - алдын ала төлем қажет етілмейді.

ҚУАНДЫҚ БИШЕМБАЕВ, "БӘЙТЕРЕК" ҰБХ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Шашу шашылды, ақжарма тілектер ағытылды. Көптің көңілін көтерген думанды сәттің куәсі болғандар тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Облыс әкімі бастаған топ үй қожайындарының су жаңа пәтерлерін көріп шықты. Бұл қоныстой Тұңғыш президент күні қарсаңында болғандықтан, жұрт жақсылықтың нышанына балады. 

ОКСАНА АМАНҒОСОВА, ЖАҢА ПӘТЕР ИЕСІ

Бұл пәтерлер негізінен баспана кезегінде тұрған бюджет саласының қызметкерлеріне берілді. Және жауапты мамандар келесі жылы да ақтөбеліктердің баспана мәселесін шешу жолдары қарастырылады десті.

 

Қосылды: 
26.11.2015 - 15:07
Соңғы өзгерiстер: 
29.08.2016 - 16:38

Жаңалықтар таспасы