Құрбан айт мейрамы елдің бірлігі мен ынтымағын үндейді

You are here


Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңір тұрғындарын Құрбан айтпен құттықтады. Қасиетті күні облыстағы мешіттер жиылған жамағатқа толы болды. Діни мейрамды адамзатқа ортақ берекенің, бірліктің бастауы деп қабылдайтын тұрғындарды облыс басшысы алдымен "Нұр ғасыр" мешітінде құттықтап, кейін қаланың бірқатар мешіттеріне де барды.      

"Нұр ғасыр" мешітінің алдына таң сәріден қала халқы көп жиналды. Бұл күні мұсылмандар үшін әдемі, таза киімдерін киіп, мешітке айт намазына бару -  жақсы амалдардың бірі. Қадір-қасиеті мол Құрбан айт барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам.  Ғасырлар бойы халқымыз ұлықтап келген мейраммен облыс тұрғындарын өңір басшысы Бердібек Сапарбаев құттықтады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің атынан құттықтау хат және қасиетті құран-кәрім табыс етілді. Айта кету керек, бүгінде облыс бойынша 64 мешіт бар. Оның сегізі Ақтөбе қаласына қарасты мешіттер. Осы күндері мешіттердің барлығында да құрбан айт атап өтілді. Мәселен, Айт намазынан кейін  "Нұр ғасыр" мешітінің арнайы әзірленген алаңында мал сойылып, құрбандық еті таратылды. Одан соң, мешіт алаңында қол күрес, қазақша күрес, арқан тарту, гір көтеру сияқты спорттық шаралар ұйымдастырылды.  

Сондай-ақ облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қаланың орталық мешітіне де барды. Биыл бұл мешіттің құрылғанына 112 жыл толды. Еске салып өтейік, 1901 жылы салынған көне ғимараттың жөндеу жұмыстары 2012 жылы басталып, өткен жылы пайдалануға берілді. Облыс әкімі қаланың орталығындағы "Нұрдәулет" мешітіне де барды. Ынтымақ, бірлік және татулық жөнінде әңгімелесті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Айт күндері мейлінше  кешірімді болуға тырысу керек. Ренжіскен адамдар қайта табысқаны жөн. Ауырып жатқан кісілердің көңілін сұрау, жетім, жесір, мұқтаждарға қол ұшын беріп, шамалары келсе көмектесу, оларға да айттың қуанышын сездіру өте сауапты іске жатады. 

Қосылды: 
24.09.2015 - 17:09
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 12:18

Жаңалықтар таспасы