Құрылыс жасақтарына 5000-нан астам студенттер жұмысқа орналастырылатын болады

Студенттік құрылыс және көгалдандыру жасақтарының жұмысы туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференциясында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова толығырақ айтты.

«Ақтөбе қаласында 1669 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Облыс аудандарында да осындай жұмыстар жүргізілетін болады. Ол жерде 16-дан 29 жас аралығындағы 3800-ден астам жастар құрылыс жасақтарына орналаса алады. Олар жұмысқа үш бағыт: көгалдандыру, көркейту және құрылыс бойынша тартылатын болады. Мамырда 915 адамды құрылыс және басқару компанияларына жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз. Жасақтар жыл бойына жұмыс істейтін болады», - деді Бұлбұл Елеусінова.

Көгалдандыру жөніндегі жұмыстарға 770 адам тартылатын болады. Осы мақсаттарға  қосымша 11 млн.-нан астам теңге бөлінді.

Еңбек ақы көлемі 50-55 мың теңге құрайды. Бірінші кезекте тұрғындардың әлеуметтік осал топтарының, аз қамтылған отбасылар балаларын жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Тізімді жастар ресурстық орталықтары арқылы жасайтын боламыз», - деп толықтырды табиғи ресурстар және табиғатты қорғауды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Асхат Кубенов.

Маусымның салтанатты жабылуы Ақтөбеде өтеді.

 

Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі