Қ Р тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы

  • 2015 жылы өткізілген әлеуметтік-лингвистикалық зерттеу қорытындысына сәйкес облыста мемлекеттік тілді меңгерген ересектер үлесі 91,3 пайызды, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері 24,5 пайызды құрады.
  • Облыс  мемлекеттік басқару органдары іс қағаздарының мемлекеттік тілдегі үлесі 2015 жылы – 98,5 пайызды құраса (2014 жылы 98,3%), 2016 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 98,6 пайыз болды.
  • Облыста жыл сайын Ұлттық тесттеу орталығымен бірлесе отырып, мемлекеттік және халыққа қызмет көрсету саласы қызметшілеріне, жеке тұлғаларға ҚАЗТЕСТ жүйесіне негізделген мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау сынағы ұйымдастырылуда. Барлығы 2012 жылдан бері Хромтау, Мұғалжар, Алға, Мәртөк, Қобда аудандарында және Ақтөбе қаласында 7678 адам тестке қатысса,
    2016 жылдың 2-5 сәуірі аралығында Ақтөбе қаласында 967 мемлекеттік және халыққа қызмет көрсету саласы қызметшілері диагностикалық тестке қатысты. Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалауға арналған сертификаттық тестілеуден 21 қызметкері базалық деңгей бойынша,
    3 адам орта деңгей бойынша сертификатқа ие болды.
  • Облыста ересектердің мемлекеттік тілді тегін меңгеру қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында тілдерді оқыту орталығы жұмыс жасайды. Орталықта мемлекеттік тілмен қатар орыс, ағылшын тілдері оқытылады. Орталық құрылғаннан бері 10 521 адам мемлекеттік тілді, 874 адам ағылшын тілін, 94 адам орыс тілін үйретумен қамтылды. Тілдерді үйрету курстары өзге ұлт өкілдері шоғырланған Алға, Мәртөк, Қарғалы, Хромтау, Мұғалжар, Қобда аудандарында да ашылды.
  • www.til-aktobe.kz сайтында қарапайым (А1) және базалық (А2) деңгейлерге арналған сабақтар орналастырылып, тіл үйренушілер сайтқа тіркелу арқылы қашықтан оқыту технологиясы бойынша дәріс алады.
  • Этнос диаспоралар өкілдері үшін ана тілдері және мемлекеттік тілді оқытуға қолдау көрсетілуде. 2006  жылдан бері 6 жексенбілік мектепте 3258 өзге ұлт  өкіліне  мемлекеттік тілді және ана тілдерін (украин, корей, татар-башқұрт, неміс, шешен, әзірбайжан) оқытумен қамтылды.
  • Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен  қолдануына, мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыруға бағытталған  жобалар – 6. Атап айтқанда, «Мен қазақша сөйлеймін», «Тарих тамыр, тіл тұғыр» телебағдарламалары, «Көркем тіл – көрікті жарнама», үштілділікті насихаттау бағытындағы «Тілдерді үйрен – табысқа жетесің» роликтері, жергілікті орыс тілді «Диапазон» газетінде қазақ тілін үйрену сабақтары циклі, «Эврика» газетінде «Мой народ, мой язык» атты айдар.

  Мемлекеттік тілді насихаттау, дамыту және оқыту жөніндегі хабарлар үлесі – 25,5%.

  Бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі – 58,2% құрап отыр.

  • Көрнекі ақпараттардың заңнама талаптарына сәйкес орындалуын бақылау мақсатында нысандарға рейдтер жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетіліп келеді. Көрнекі ақпарат саласындағы анықталған бұзушылықтар үлесі 18 пайыз. Өткен жылмен салыстырғанда 38 пайызға төмендеп отыр.
  • Тұрғындардың басым бөлігі облыстағы тілдік ахуалды оң бағалап отыр. Зерттеу қорытындыларына сәйкес қоғамдық өмірдің негізгі салаларындағы мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейі 76,6 пайызды құрап отыр. Жалпы алғанда облыс тұрғындарының тілдік әлеуеті жоғары. Орыс тілін меңгергендердің үлесі  93,4 пайызды, ағылшын тілін меңгергендердің үлесі 22,6 пайызды, ал үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерін меңгергендердің үлесі 12,3 пайызды құрап отыр. Тілдерді меңгеру үлесі бойынша барлық көрсеткіштер республикалық деңгейден артық.
  • Басқарма тарапынан балабақшалар мен шағын орталықтар және өзге де мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарына өз практикалық іс-әрекеттерінде қолдану үшін 3-7 жастағы балаларға арналған мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған «Менің отбасым», «Әдептілік-әдемілік», «Кім болам?», «Менің Отаным» атты 10 минуттан тұратын анимациялық фильмдердің алғашқы 4 сериясы шығарылды.
  • 2014 жылдан бері мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, дүниетанымын дамытуға ықпал ететін қазақ тіліндегі әдеби-танымдық «Күншуақ» журналы шығарылып, облыстағы балабақшаларға, мектептерге, кітапханаларға тегін таратылды. 2016 жылдан бастап бұл журнал 3 тілде шығарыла бастады.
  • Үш тілділікті насихаттау, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде көп тілді меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мақсатында 2015 жылы «Тілдарын» атты облыстық жас полиглоттар форумы, 2016 жылы «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» патриоттар форумы ұйымдастырылды.
  • Ақтөбе облысында Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары аясында «Бабадан қалған байтағым»  аймақтық ақындар айтысы, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері жастарының арасында «Тілі бірдің – тілегі бір» іріктеу байқауы өткізілді. 2016 жылы «Наркескен тілмен жыр етем, мәңгілік елдің мұратын» атты республикалық ақындар айтысын өткізу жоспарланып отыр.
  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабының орындалуын бақылау мақсатында апта сайын облыс орталығында, аудандарда бақылау рейдтері ұйымдастырылып, оған «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері» ММ жанындағы «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы», «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалы, «Тіл – ұлттық қазына», «Ұлт тірегі» қоғамдық ұйымдары, БАҚ өкілдері тартылды. Көрнекі ақпараттарды бақылау рейдтері қорытындысы нәтижесінде «Қате жарнамаға жол жоқ!» тақырыбында акция ұйымдастырылды.
  • Ақтөбе облысы аудандарының топонимиялық кеңістігі,  табиғаты, жер-су, елді мекен,  аң-құс, балық, жануарлар, өсімдіктер туралы біртұтас көрініс беру мақсатында «Туған өлке» атты топонимдік кітаптар сериясының  Байғанин, Ойыл, Мұғалжар, Темір аудандары туралы  кітаптар шығарылып, Әйтеке би, Шалқар, Ырғыз аудандары бойынша материалдар баспаға ұсынылды.
  • «Инновациялық технологиялар арқылы демократияны оқыту» орталығымен бірлесіп «Атаулар сыр шертеді» жобалар байқауы өткізілді.   Өткізілген жобаға 180-нен астам оқушылар мен студент жастар қатысып, 80 еңбек іріктеліп алынды. Облыстың жер-су, елді мекен атауларын зерттеген оқушылардың зерттеу еңбектері жинақ болып басылып шығып, жобаға қатысушыларға тегін таратылды. Жобалар бойынша зерттелген материалдар қоры www.toponimaktobe.kz сайтында жарияланды. Осы сайт арқылы облыс, республика жұртшылығы ғана емес, шетелдегі қандастарымыз да өңір топонимиясымен таныса алады. Аталмыш жоба аясында «Менің көшемнің тарихы» акциясы өтті.
  • Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, қоғамдық ролі мен маңызын арттыру мақсатында «Қазақшаңыз қалай» атты өзге ұлт отбасылары арасындағы байқау, халыққа қызмет көрсету орындарында, қоғамдық көліктерде азаматтардың тіл саясаты туралы ақпараттану деңгейін көтеру, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында «Тіл тазалығы үшін күресеміз» атты акция  ұйымдастырылды. 
Қосылды: 
07.06.2016 - 12:45
Соңғы өзгерiстер: 
07.06.2016 - 12:45