Үкімет басшысы лаңкестік әрекет кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көніл айтты

You are here

Сондай-ақ Үкімет басшысы лаңкестік әрекет кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Үкімет басшысы олардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақ екендігін жеткізді. Кейін олар «Нұр ғасыр» орталық мешітінде марқұмдарға құран бағыштады. Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда Ақтөбеде екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге қарулы шабуыл жасалған болатын. Соның салдарынан әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындар көз жұмды. Қаза болғандардың арасында қылмыскерлердің кездейсоқ құрбандарына айналған «Паллада» қару-жарақ дүкенінің 44 жастағы  сатушысы Андрей Максименко, 69 жастағы зейнеткер Николай Онищенко мен 35 жастағы Михаил Матросов бар. Жеке «Күзет» мекемесінің 33 жастағы қызметкері Мерхан Тәжібаев өзінің қызметтік борышын атқару кезінде қайтыс болды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс әкімдігі тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде: билік зардап шеккендердің емі мен жерлеу рәсімдеріне кеткен шығынды өз мойнына алды. Қаза болған 4 ақтөбеліктің отбасыларына 5 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетілетін болады. 

 

Жаңалықтар таспасы