Үміт сәбилер үйіндегі мереке

You are here

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Үміт" сәбилер үйіндегі жаңажылдық ертеңгілікке де қатысты. Ата-ананың қарауынсыз қалған 51 сәбидің қуанышымен бөлісіп, оларға мерекелік сыйлықтар табыстады. Тәрбиешілерін құттықтады.

Сәбилер үйінің бас дәрігері Қадырбек Иманбаевтың айтуынша, соңғы бес жылда сәбилер үйіндегі балалар саны екі жарым есеге азайған. Қазіргі бүлдіршіндердің 24 тәрбиеленушісі туа бітті мүгедек. Көпшілігінің жүйке жүйелеріне зақым келген, дүниеге келмей жатып төсеккке таңылып қалғандар да бар. Арнайы бағдарлама бойынша олардың әрбірінің есепшотына ай сайын мемлекеттік жәрдемақы салынады.

ҚАДЫРБЕК ИМАНБАЕВ, "ҮМІТ" СӘБИЛЕР ҮЙІНІҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев балалардың қуанышымен бөлісіп, тәрбиешілерін құттықтау үшін арнайы барды. Денсаулығында ақауы болса да, екі-үш жастағы сәбилер тақпақтарын айтып, би де биледі. Алайда, мұндай қонақтардың легін көрмеген бірқатары жатырқап та қалды. Облыс басшысы өз құттықтауын балалардың денсаулығы мен тәрбиесіне шынайы беріліп, түн ұйқысын төрт бөлетін тәрбиешілерге арнады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Тәрбиешілердің айтуларына қарағанда, дені сау балаларды асырап алуға кезекте тұрғандар көп. Қазірдің өзінде бұл тізім 176 отбасымен түйінделіп тур. Алайда, мүгедек сәбилерге көпшілігі мойын бұрмайды. Бүгінгі ертеңгілік барысында мұндай қынжылтарлық деректер туралы айтылған жоқ. Аяз ата мен ақшақар балаларға тақпақ айтқызып, би де биленді. Кеш соңында балалардың әрқайсысына жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылды.

Жаңалықтар таспасы