Ұлттық бірыңғай тестілеу және дуальді оқыту жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланды

You are here

Биыл Ақтөбе облысы республкада Ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткіші бойынша алтыншы орынға тұрақтады. Былтырғы жылы өңір төртінші орында болған еді. Тестілеу қорытындысының төмен болуына не себеп? Ал дуальді оқыту жүйесі енгізілген колледждер білім саласындағы жаңашылдықтың игілігін көріп жатыр ма? Бүгін облыстық әкімдікте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында осы және өзге де мәселелер қаралды.

Биыл мектеп бітірген 6395 баланың тек 71,8 пайызы ғана ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды. Облыстың орташа балы 82,8 пайыз. Ақтөбе қаласы мен Темір ауданының білім сынағы бойынша көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда төмен. Мәртөк, Қарғалы аудандарында түлектердің тестілеуге қатысымы 50 пайыз ғана. Бұның бірнеше себебін облыстың жаңа бас ұстазы жіпке тізді.

СӘУЛЕ ӨМІРБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Тағы бір себеп - мамандардың тапшылығы. Еліміздің батыс аймағында мұғалімдер даярлайтын негізгі өңір болсақ та, кадрлардың жетіспеушілігі әлі де сезіледі. Шағын жинақты 9 мектептің саны қысқартылмақ. Алайда, бұл ауыл балаларына қиындық туғызбайды ма? қарғалы ауданының әкімі Рахат Сыдықов жиын барысында аудан орталықтарында мектеп-интернат салу қажеттігін алға тартты. Бұл ұсынысты облыс әкімі де қолдады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Дуальді оқыту жүйесі жұмысшы мамандықтарға деген сұранысты арттырды. Бүгінде облыстағы 20 колледж 56 ірі және шағын кәсіпорындармен жұмыс жасайды. Дегемен, бұл жүйе облыста жетілдіруді қажет етеді. Облыс әкімі өзінің орынбасарларына жаңа салынып жатқан зауыттармен келісімшартқа отырып, студенттерді жұмысқа орналастыру қажет деп тапсырма берді. Ал білім саласына қажетті өзгерістер мен ұсыныстарды ұстаздар тамыз конференциясында талқыламақ.

 

 

 

Қосылды: 
05.07.2016 - 11:19
Соңғы өзгерiстер: 
20.09.2016 - 11:25

Жаңалықтар таспасы