Ұлттық Біріңғай Тестілеу облыс әкімінің бақылауында

You are here

Облыс мектептерінде ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниеттілер саны да азайып кеткен. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың басшылығымен өткен оқушылардың мемелкеттік сынаққа даярлықтары мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға байланысты селекторлық кеңесте айтылды.

Жиынға білім басқармасы мен қалалық, және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары және салалас басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Сонымен қатар, аудандық мектептер де байланысқа шықты. Кеңес барысында облыс әкімі білім сапасына баса мән беріп, оқушылардың ұлттық сынаққа түгел қатысуларын қамтамасыз етуді тапсырды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ұлттық тестілеудің тәртібі мен ережесі ортақ болғанымен, жыл сайын түлектері жинаған бал төмен шектік мөлшерден аспайтын мектептер облыс әкіміне мәлім. Бұл кемшілікке байланысты облыс әкімі мектеп директорларының жауапкершіліктерін қайта қарауды ұсынды. Биылғы сынама тесттің өзінде кейбір мектептер тағы сүрініп отыр.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Бегімбетов биылғы оқу жылында кемшіліктерді жойып, білім сапасын арттыру үшін жасалған іс-шараларын айтып берді. Семинарлар өткізілген, әлісз мектептерге әдіскерлер жіберілген.

РУСЛАН БЕГІМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Тестілеуге қатысатын бала саны аз қала мектептерінің директорлары  жоспарды орындайтындықтарын айтып уәде беріп, өз дәйектерін алға тартты.

АЙСҰЛУ ЖАҚСЫБАЕВА, №8 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

ДӘУІР ТӨЛЕМІСОВ, №27 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Мектеп директорлары ұлттық бірыңғай тестілуге қатысуы тиіс оқушылар саны азайып кеткендігін орыс мектептері түлектерінің Ресейдің оқу орындарына таңдау жасауымен түсіндірді. Қазақстандық емтиханның нәтижесін қажет етпейтін көршілер біздің дарынды оқушыларды баурап алады. Ал, оны бақылайтын, алдын алатын жүйе жоқ.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Білім көрсеткіштері төмен, биылғы наурыз айында сынама бақылауды мүлдем өткізбеген аудандардың жекелеген мектептерінде оқушылардың көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Оның ішінде Әйтеке би аудандық білім бөлімінің басшысы да облыс әкімінің ескертулерін селекторлық байланыс арқылы естіді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру да күн тәртібіндегі мәселе. Облыс әкімі оқушылардың еңбек лагерлеріне көптеп қабылданып, тәрихи-мәдени орындарға саяхаттарын ұйымдастыруды тапсырды. Мәселен, биыл ақтөбелік оқушылар Ырғыз-Торғай табиғи резерватына барады. Облыс әкімі балаларды лагермен қамтуда көзбояушылыққа салынып, құрғақ есептерден арылуды тапсырды. Өйткені, мектеп жанындағы лагерлер - қол қусырып отырмаудың амалы ғана.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Биылғы оқу жылының соңында облыс бойынша жүз жеті мың оқушы жазғы лагерлермен қамтылуы тиіс. Бірақ, кезіндегі қала сыртындағы лагерлердің басым көпшілігі жеке меншікте. Ал облыс мектептерінің жанынан құрылған 1295 топ елді мекендерді көгалдандыруға қатыстырылады. Бірақ, соңғы үш жылда оқушылардың еңбегіне ақу төлеу жүйесі тоқтап қалған. Облыс әкімі Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында бұл саланы жандандыруды тапсырды. Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы да балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға байланысты мәлімет берді. 

ЛӘЗЗАТ ОРАЗБАЕВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Облыс әкімі білім саласына жауапты тұлғаларға ұлттық бірыңғай тестілеудің ережелері мен тәртібін тұрғындарға жете таныстыруды тапсырды. Ал, құқық қорғаушылар тыйым салынған құрылғыларды іздеу кезінде асыра сілтемеуі тиіс, деді облыс басшысы.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі білім бөлімдері мен мектеп директорларына Түлек кз сайты арқыла мектеп түлектерімен байланысты нығайтуды тапсырды. Сонымен қатар, оқу орындарының аулаларын гүлдендеріп, тал егіп тәртіпке келтіруге міндеттелді. Өйткені, көптеген мектептерді аралап шыққан облыс әкімінің өзі жекелеген білім шаңырақтары директорларының тазалық пен тәртіпке салғырт қарайтындығына көз жеткізген. Облыс әкімі бұл саланы тікелей өзі қадағалайтындығын мәлімдеді.

 

 

 

 

 

Қосылды: 
25.04.2016 - 11:03
Соңғы өзгерiстер: 
13.09.2016 - 09:55

Жаңалықтар таспасы