Ұлттық ғылыми медицина орталығымен ынтымақтастық аясы кеңейе түспек

You are here

Ал облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін Ұлттық ғылыми медицина орталығының өкілдерімен кездесті. Астаналық дәрігерлер соңғы жылдары қарқынды дамып, жаңа жобаларға кіріскен Ақтөбе медицинасына жоғары баға берді. Олар өңірге облыс әкімінің арнайы шақыруымен келді. Кездесу барысында Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы  және «Ұлттық ғылымимедициналық  орталық» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттың мазмұны қомақты. Меморандум жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуды, науқастарды инновациялық тәсілдермен емдеуді көздейді. Ұлттық орталық ақтөбелік дәрігерлердің біліктілігін көтеру, тәжірибе алулары үшін шеберлік кластарын өткізу мәселелерін өз міндетіне алып отыр. Бұған бюджеттен қаражат бөлінбейді. Ұлттық орталықта соңғы 2 жылда 500-ге жуық ақтөбелік емделген. 80 науқас  жүрек қан тамырлары ауруларынан ем дом алған. Қазіргі күні орталықта 1 ақтөбелік маман біліктілігін арттыруда. Орталық мамандары облыс бойынша  алдымен жүрек ауруларының скринингін өткізуді жоспарлап отыр.  Аса ауыр науқастарға операция  орталықтың өзінде жасалады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде медицина кластерін құрдың маңызыдылығы туралы айтты. Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын арттыру басты мақсаттардың бірі.

 

Жаңалықтар таспасы