Әбілхайыр ханға арналған мемориалдық кешен ашылды

You are here

Облысымызда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралар өтіп жатыр. Бұл тарихи маңызы зор шараларға мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, еліміздің Астана, Алматы және басқа да қалаларынан, Ресей Федерациясынан делегациялар қатысуда. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы Ақтөбе өңірінде екі күнге жоспарланды. Кеше шаралардың көп бөлігі облыс орталығында өтсе, бүгін Әйтеке би ауданының Толыбай ауылында Әбілқайыр ханның мемориалды кешені ашылды.

Әбілқайыр хан ұлы Нұралыға «Қай жерде өлсем, сол жерге жерлеңдер», деген өсиет қалдырған. Тарихшылар сол жазбаға сүйеніп, тарихи орынды сақтап қалды. Ол келешекте туризмге негіз болмақ. Хан моласы қорымын ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру жөнінде іргелі жобалар жүзеге асты бүгін. Қазақ хандығының 550 жылдығын Ақтөбе жерінде өткізудің екінші күні Әйтеке би ауданының Толыбай ауылында жалғасты. Бұл жерде хан моласы қорымында Әбілқайыр хан мемориалды кешенінің ашылу салтанаты өтті. Кешен аумағында  ескерткіш стелла, кесене орнатылған. Ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Әбілқапйыр ханның мемориалдық кешенінде өткен шараға, елімізге танымал тарихшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері және ақын жазушылар, Ақтөбе, Қостанай облыстарының әкімдері мен хаплық қалаулылары қатысты. Барлығы да шараға жиналған көпшілікпен бірге ханның рухына тағзым етіп, халқымыздың өткен ғасырлардағы ауыр жағдайын, кезеңін де атап өтіп, тарихты ешқашан ұмытпауымыз керек деді.  

АРХИМЕД МҰХАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Айта кету керек, қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту туралы Елбасының өзі биылғы жылды мерейлі жыл деп жариялаған болатын. Ал, Әбілқайыр ханның тұлғалық ерекшелігін тың деректермен толықтырып, жаңа қырынан тану үшін он жылдан зерттеу жұмыстары жүрген. Оған жазушылар, тарихшылар, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар ат салысты. 

ЕЛЕУСІН САҒЫНДЫҚОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Этноауыл көрінісі, ат спортынан жарыстар және ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Ұлы дала жауһарлары халықаралық этнофестиваліне жалпы саны 100-ден астам өнер иесі қатысты. 4 фольклрлық ансамбль тарихи шараға ерекше әсер берді. Еліміздің әр түпкірінен және Ресейден, Хакасиядан, Таулы алтай аймағынан ақындар, жыршы-жыраулар жиналды. Дүбірлі тойдың аясында Хан моласына жақын орналасқан Толыбай ауылында Әбілқайыр хан музейі ашылды.

Жаңалықтар таспасы