Әдеп жөніндегі Уәкіл Ғ.Қ.Сейловтың есебі.

You are here

Ақтөбе облысы әкімінің аппаратының этика бойынша уәкіл Сейлов Ғ. Қ. этика бойынша Кеңес мүшелері алдында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басшысының К.А.Токушевтың төрағалық етуімен 2017 жылғы 29 наурыздың есебі өтті. Есеп барысында ағымдағы жылдың бірінші тоқсандағы жұмыс нәтижелері туралы және алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жалпы этика бойынша уәкілдің жұмысы оң деп танылды.

Баяндама мемлекеттік қызметкерлер арасында өткізілген Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша өткізілген семинарлар мен түсіндірулер, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы жұмыстары, сондай-ақ Этикалық кодексті заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйым салулар туралы болды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтамаған фактілері бойынша азаматтардың өтініштерінің қаралуы талқыланды.

Сонымен қатар, есеп барысында мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік этика нормаларының сақталуын, сондай-ақ жай-күйін моральдық-психологиялық климаттқа мониторинг жүргізу мақсатында жүргізілген анонимдік сауалнама ескеріле кетті.

Тыңдау қорытындылары бойынша этика жөніндегі Кеңес мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауын жүзеге асыру бойынша мониторингі және бақылаудың бірқатар ұсынымдар берді.

Жаңалықтар таспасы