Әлемнің жетекші травматологтары мен ортопедтері Ақтөбеге жиналды

Ақтөбеде алғаш рет травмотолог-ортопед дәрігерлердің травмотология және ортопедия саласын дамытудың басым бағыттары бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Оған Қазақстанның және Германия, Қытай, Түркия, Австрия, Сербия, Польша, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Әзірбайжан сынды алыс-жақын шетелдерден келген дәрігерлер қатысты. Айта кету керек, конференцияға сондай-ақ,трафмотолог-ортопедтердің азиялық-тынықмұхиттық қауымдастығының президенті профессор Махмұт Дорал (Анкара, Түркия) да қатысуда. Аталмыш қауымдастыққа ресми түрде 115 мың травматолог-ортопед тіркелген.

- Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап қазақстандықтардың денсаулығын қорғауға назар аударып келеді. Бұған қабылданып жатқан заңдар, мемлекеттік бағдарламалар, денсаулық сақтау саласын дамытуға қыруар қаржы бөлініп жатқандығы дәлел. Астана мен Алматының, облыс орталықтарының медициналық мекемелері заманауи жабдықтармен жабдықталған. Басты сұрақ – медицина қызметкерлерінің кәсібилігін жетілдіру де басты назарда. Біз аталмыш конференцияның өңіріміздегі травмотологиялық қызметті дамытуға қосымша серпін беретініне сенімдіміз,-деп атап өтті облыс әкімі.

Конференция аясында Ақтөбеде шеберлік сабақтары өткізіліп, тірек-қозғалу аппаратының түрлі ауруларымен сырқаттанатын жеті емделушіге ота жасау жоспарланып отыр. «Бақытты бала» акциясы аясында үш балаға ота жасалды. Соның ішінде омыртқа пластикасына және ірі буындарды эндопротездеу кезіндегі асқынуларға ота жасалады.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі