Әлеуметтік нысандар құрылысы-Ақтөбе облысы үшін басым бағыттардың бірі

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен  әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан әлеуметтік және инфрақұрылым нысандарын жобалау-сметалық құжаттамасын уақтылы және сапалы дайындау мәселесіне қатысты кеңес өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары-бюджеттік бағдарлама әкімшілері, жобалық және құрылыс мекемелерінің және құрылыс индустриясы кәсіпорындарының жетекшілері қатысты. Облыстағы әлеуметтік нысандардың жобалау-сметалық құжаттамасын және инженерлік инфрақұрылымын дамыту үшін өткен жылдың аяғында 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Алайда облыс әкімінің айтуынша бүгінгі күні бөлінген қаржы толық игерілген жоқ, конкурстық рәсімдер кешіктіріліп жатыр. Бердібек Сапарбаев сондай-ақ жобалық-сметалық құжат әзірлеуді 2016 жылғы 1 маусымға дейін аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілік негізінде салынған, оның ішінде әлеуметтік нысандардың құрылыс кезеңінде жергілікті тауар өндірушілерді қолдау туралы тапсырма берді.

Қосылды: 
17.05.2016 - 16:56
Соңғы өзгерiстер: 
16.09.2016 - 14:50