Әнші Жадыра Арыстанованың мерекелік тартуы

8-наурыз мерекесінде Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театр залында жерлесіміз, жезтаңдай әнші Жадыра Арыстанованың шығармашылық концерті өтті. Үлкен сахналарды бағындырып, елге танылған өнердегі он бес жылында Жадыра халық әндерін нақышына келтіре орындап, көрермендерін баурап алатын. Бұл жолғы концертте де халық әндерімен қатар, орыс және италиян тіліндегі әндерді көсіле шырқады. Бұлбұл үнді, күміскөмей әншінің өнерін көпшілікпен бірге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та тамашалады. Концертке әншінің жұбайы, белгілі сазгер Марат Жанғазы продюсерлік еткен. Тамжылата орындалған әндерді Достық сазы ансамблі мен концертмейстер Дина Арынғазиева сүйемелдеп, Аққу би тобының бишілері әрледі. Әрбір орындалған әннен соң көрермендер Жадыра Арыстанованың құшағын гүлге толтырды. Облыс әкімінің ықылас гүлі де табысталды.

 

Қосылды: 
08.03.2016 - 16:24
Соңғы өзгерiстер: 
06.09.2016 - 11:36