Әуежайдағы қауіпсіздік жүйесі

You are here

Ақтөбе қаласына Премьер-министр Кәрім Мәсімов бастаған Үкімет делегациясы келді. Оның құрамында үкімет мүшелері министрлер және ірі мемлекеттік ұлттық компаниялардың басшыларымен сенат және мәжіліс депутаттары бар. Кәрім Мәсімов әуежайға келген бойда оның қауіпсіздік жүйесімен танысты. Сол жерде, Үкімет басшысына   теміржол вокзалындағы сақтық шаралары арнайы стенд арқылы көрсетілді. Ақтөбе қаласындағы қайғылы оқиғалардан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әуежай, теміржол вокзалы, адамдар көптеп жиналатын қоғамдық орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтілген еді.

 

Қосылды: 
15.06.2016 - 16:44
Соңғы өзгерiстер: 
09.09.2016 - 14:41

Жаңалықтар таспасы