Өнеркәсіп пен Инфрақұрылымының дамуы ел эканомикасының өркендеуінің кепілі.

Ақтөбеге жұмыс сапарымен ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов келді. Жұмыс сапарының барысында Министр өңірдегі бірнеше ірі кәсіпорындарды аралап Үдемелі индустриялды инновациялық даму бағдарламасының аймақта орындалу барысымен  танысты. Ақтөбеде жуырда ғана бой көтерген индустриялды аймақта болды. Жалпы сапар барысында өңірдің экономикалық даму мәселелері кең ауқымда талқыланды. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған топ Министр Әсет Исекешовке алдымен Ақтөбедегі ірі кәсіпорынның бірі "Казхром" Транс ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жаңа ферроқорытпа зауытын көрсетті. Кәсіпорын көне зауыттың жанынан салынған. Мұнда хромның ең көп қоры сақталған Оңтүстік Африка Республикасының технологиясын пайдаланады. Жаңа цехтың ерекшелігі сонда, ол феррохромды құм секілді ұсақ кеннен де ажыратып алуға мүмкіндік береді. Және мұнда шетелден білімін жетілдірген, тәжірибелі металлургтер жұмыс жасайды.

Жаңа цехтың жұмысымен  толыққанды танысқан Министр Әсет Исекешов "Технодом -СТКЗ" серіктестігі мен мұнай жабдықтарын шығаратын зауытқа барды. Бұл-мұнай өңдеуге қажетті құралдарды дайындаудан еліміздегі алдыңғы орындағы кәсіпорындардың бірі. Сорғы құрылғыларын шығаратын жалғыз зауыт. Республика нарығын 80 пайызын өніммен қамтамасыз етіп отыр.

ВИКТОР  ТИЛЬ, "КАЗХРОМ-ТҰК" АҚ ПРЕЗИДЕНТІ

Біздің зауыт Қазақстан бойынша мұнай жабдықтарын шығаратын жалғыз зауыт. Өніміміз сапалы әрі, әлемдік стандарқа сай. Қара алтынды өңдеуге арналған барлық құрылғы біздің кәсіпоырннан шығады. Әзірге ішкі нарықта ғана жұмыс жасаймыз.

Бұдан кейін  министр  Әсет Исекешов, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және шетелден келген бір топ мейман Ақтөбенің индустриялды аймағында болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында ашылған  аймақта бүгінде бірнеше зауыт салынып, жұмыс қарқынды жүруде.  Индустриялды аймақ бойынша алғашқы жеті айда атқарылған жұмыстардың мазмұны мен облыс әкімінің орынбасары Ғали Исқалиев таныстырды.  

ҒАЛИ ИСКАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мұнай 47 пайызға, ферроқортпа 26 пайызға төмендегенімен кәсіпорындардың көрсеткіші өсіп отыр. Соңғы тоғыз айда 103 пайызды құрады. Индустрияландыру картасының алғашқы бес жыдығының 15 пайызын іске асыру үшін қарқынды жұмыс жүргіземіз. 

Индустрияландыру картасына облыстан 12 мың жаңа жұмыс орынын ұсынатын 800 миллиард теңгенің 91 жобасы кірді. Алғашқы бес жылдықта оның 71 жүзеге асырылып, 7 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Ал екінші бесжылдықта 20 жоба іске асырылмақ. Картаға енетін тағы бірқатар жоба қаржыландыру мен мемлекеттік қолдауды күтіп отыр. 2015 жылы карта шеңберінде жоспар бойынша 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ұсынылады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  өңіріміздің экономикасын қарыштап дамытуға барлық мүмкіндіктер туғызып отырғанын айтты. Мемлекет, жергілікті атқарушы билік тарапынан инвесторларға жасалған қолайлы жағдайларды, соның нәтижесінде Ақтөбе өңірінде экономиканы өркендетудің басымдықтары мол екенін атап көрсетті. Дегенмен олқылықтардың да жоқ емес екенін айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жобалардың құжаттары мен орналасатын жер учаскесіне қатысты туындайтын сұрақ жоқ. Бірақ бір мәселе,  Кәсіпкерлерге жол шетіне сервистік  обьектілер сал дейміз. Туризмді дамытамыз дейміз. Туризм дамымайды, егер алдымен басты жолдарды жөндемесек. Әсіресе Ақтөбе Орск бағытындағы жол. Сондықтан дер кезінде күре жолдарды жөнге келтіру керек.

Осыған дейін де бірнеше индустриялды инновациялық жобаларды сәтті жүзеге асырған Ақтөбе өңірі үшін екінші бесжылдықта жаңа белестерді бағындыру міндеті тұр - деген Министр Әсет Исекешов. 

ӘСЕТ ИСЕКЕШОВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ

Ақтөбе ірі логистикалық орталық. Батыс еуропа Батыс Қытай магистралі бойынша жұмыыстар келесі жылы толық аяқталады.

Министр Әсет Исекешов қорытынды сөз сөйледі.  Өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық ауқымды жобалардың жұмысымен толық танысып, кейбір өзекті мәселер жөнінде кәсіпоырн басшыларының сұрақтарына жауап берді. Жалпы кәсіпорын құрып жұмыс жасаймын деген адамға қолдаудың бар екенін айтты.

Қосылды: 
16.10.2015 - 10:06
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 11:57