Өрт сөндіру бекеті ашылды

You are here

Ақтөбеде өртке қарсы қызметтің бесінші бекеті ашылды. Төтенше қызметтің  жаңа депосының ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Астанадан арнайы келген ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко қатысты. Жаңадан ашылған бекеттің іске қосылуы облыс орталығындағы бірқатар аудандар тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаның құны - 850 миллион теңге. Бірақ, өзініің мүмкіндіктері мен орналасуына байланысты жаңа депоның маңыздылығы жоғары. Алты бірдей шығу жолы бар бекеттің төтенше жағдайларды уақытылы және шұғыл ауыздықтауына мүмкіндігі көп. Бұл мәселені депоның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі де атап өтті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жүз елуге жуық адамы бар мамандандырылған өрт сөндіру қызметі  қаламыздың Батыс, Болашақ және онБірінші мен он екінші аудандарының іргесінен қоныс тепті. Тәулік бойғы кезекшілік аумағына Мәскеу, әуе қалашығы, 25 қабатты жаңа үй мен Үшқұдық бағытындағы ауылдар да енеді. Жаңа қоныста өрт сөндірушілер үшін барлық жағдай жасалған.

ВЛАДИМИР БОЖКО, ҚР  ІШКІ  ІСТЕР ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Дағдарысқа қарамастан Елбасыынң сұңғыла саясатының арқасында көптеген игі шаралар атқарылып жатыр. Біз үшін адамдардың өмірі бағалы. Сондықтан бүгін ашылып отырған депо талай адамның өмірі мен денсаулығына араша болары анық. Бүгінгідей жобаны қолдаған облыс әкімдігінің де бағыты дұрыс. Өйткені, елдегі қауіпсіздік Қазақстанның басты жетістіктерінің қатарында.

Депоның ашылуына орай ұйымдастырылған ресми шарадан соң облыс әкімі мен басқа да жиналған қонақтар ғимаратты түгел аралап шықты. Жаңа өрт сөндіру депосы қызметтік, тұрмыстық және тұрғынжайлармен толық қамтылған. Сондай-ақ, қызметкерлердің тәжірибелік алаңдары мен білімін жетілдіруге арналған спорттық оқыту бөлімі де бар. Байланыстың да ең озық жетістіктері қойылған.

ДАРХАН ХАЛМҰРАТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ ӨРТ СӨНДІР ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ең бастысы, депо жанынан 20 төсектік жатақхана да салынған. Бұл жауапкершілігі ауыр салада қызметкерлерді ынталандырылып, тұрмыстық жүктерін жеңілдетудің жолы.

Жаңалықтар таспасы