Өңіраралық кооперацияны дамыту шараларын күшейту тапсырылды

You are here

Ақтөбеде сондай-ақ өңіраларық кооперацияны дамыту шаралары да жетілдіруді талап етеді. Бүгінгі күні жергілікті билік Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарымен өзара ынтымақтастықты кеңейту туралы меморандумдарға қол қойды. Өңіраралық кооперация жүзеге асырыла бастағалы әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлерін тікелей жеткізудің арқасында баға орташа алғанда 10-15 %-ға, жекелеген жағдайларда 40 %-ға дейін төмендеді. Алайда, Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қазіргі таңда жобаларды жүзеге асыру жұмысы бәсең. Бұл бағытта тек көршілес Арал және Қазалы аудандарымен іскерлік байланыс орнатқан Шалқар мен Ырғыз аудандары бойынша алға жылжу бар. Ырғыз ауданында балық зауыты құрылысына қызылордалық кәсіпкер қаржы құйды. Өңір басшысы жауаптыларды "көрші облыстардың әлеуетін толық пайдалана алмай отырмыз" - деп сынады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиын соңында әкімдіктер мен мемлекеттік орган жетекшілеріне өңіраралық кооперация үлгісін одан әрі дамытып, өнеркәсіп, құрылыс, білім, мәдениет, спорт, туризм салаларында да бірлескен шараларды атқару туралы тапсырма берілді.

 

 

 

Жаңалықтар таспасы