Өңіраралық кооперация аясында Ақтөбе облысына 2016 жылы 4,3 млрд. теңгеге ауылшаруашылық өнімі жеткізілді

You are here

Бұл туралы теннис орталығында өткен есептік кездесу кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады. Облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында «Ақтөбе» «ӘКК» АҚ» азық-түлік тауарлары нарығын дамыту мен экономикалық дағдарыс жағдайында өзекті болып саналатын төмен бағадағы сапалы ауылшаруашылық өнімдерімен толықтыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.

Өнімдерді жеткізу бойынша өңіраралық кооперация аясында облыс пилоттық режимде Қазақстандағы барлық өңірлер мен соның ішінде Алматы және Астана қалаларымен байланыс орнатты. Көрші өңірлерден әкелінетін көкөністер мен азық-түліктердің жүйелі жеткізілуі ұйымдастырылып, Ақтөбе қаласындағы «Табыс» базарында әлеуметтік дүкендер мен шағын базарларда сатылымға шығарылды.

- 2016 жылдың қортындысы бойынша облысқа 4,3 млрд. теңгеге 21 мың тонна өнім жеткізілген. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 5,4 млрд. теңгеге дейін өседі деп күтілуде. Сонымен қатар, біздің облыстан жеткізілетін өнімдер құны 9,4млрд. теңгеден 12 млрд. теңгеге дейін көбейетіледі,- деді облыс әкімі.

Нәтижесінде облыс аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын 20-40 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік бар.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар таспасы