Өңірге инвестиция тарту мәселесі талқыланды

You are here

Ақтөбе облысының инвестициялық климатын жақсарту және өңірге инвесторлар тарту мақсатында арнайы кеңес құрылған болатын. Бүгін облыс әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен кеңестің алғашқы отырысы өтті. Мұндай кеңес Елбасы тапсырмасына сәйкес, барлық өңірлерде құрылды. Құрамында жергілікті атқарушы органдар мен құқық қоргау органдарының өкілдері және Ақтөбе облысының дамуына белсенділік танытып жүрген шетелдік инвесторлар бар. Олар әр тоқсан сайын немесе жылына екі мәрте атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, жиын өткізед. Бүгін өткен кеңестің алғашқы отырысында күн тәртібінде тұрған бірқатар мәселелер қаралды. Ірі компаниялардың жұмысын бүгінде бірнеше мемлекеттік орган үздіксіз тексеретіні белгілі болды. Бұл өз кезегінде кәсіпкерліктің одан әрі дамуына кедергі келтіреді. Осы орайда облыс әкімі кедергісіз кәсіпкерлік ортасын қалыптастыру үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

 

 

Жаңалықтар таспасы