Өңірде Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілді

You are here

Өткен жексенбіде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қаланың бірқатар әлеуметтік және сауда орындарының жұмысымен танысып, жауаптыларға міндеттер жүктеді. Нақты айтқанда Мемлекет басшысының өңірлердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларының орындалуына айырықша ден қойылды. Сондай-ақ балалардың шығармашылығын дамыту жұмыстары да облыс басшысынан назарынан тыс қалмады.

Облыс аумағында Мемлекет басшысының өңіраларық кооперацияны дамыту аясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмасын орындау күн тәртіндегі кезек күттірмес мәселеге айналды. Жексенбіде "Табыс" коммуналдық базарында болған облыс әкіміне "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басшылығының сауда-саттық хабын құру туралы жаңа жобаны таныстыруы осының дәлелі. Осы жерде жыл бойы жұмыс жасайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған павильондар салу және жүк көліктері үшін арнайы алаң құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл облыс аудандардың ғана емес, өңіраралық коперацияның аясында көрші аймақтардың да өнімдерін тұтынушыға делдалсыз, арзан бағамен жеткізуге мүмкіндік бермек. 

ҚАЙРАТ БЕКЕНОВ, "АҚТӨБЕ" ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бұл жобаға қатысты жобалық сметалық құжат осы шілденің 20-сына дейін дайындалады. Кейін тамыз айында бюджеттің бекітуіне бермекпіз. Сол кезде, жергілікті нарықты жыл бойы ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтуға мүмкіндік туады. Бұл жоба, "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында қолға алынуда.  

Ал шаһарға жақын орналасқан елді мекендерде азық-түлік белдеуін қалыптастыру үшін шағын базарлардың құрылысы да осы жобаға еніп отыр. Облыс әкімі бұл жоспарларға қолдау көрсететін айтты. Бұдан соң "Табыс" коммуналдық базарында Мәртөк ауданының күндеріне байланысты өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін көрді. Мәртөктік кәсіпкерлер ауданнан 400 кг жылқы, 240 кг қой, 1,5 тонна сиыр еті мен 250 литр шұбат, 150 дана бөдене жұмыртқасы, 50 келі бал әкеліп, сөрені қала тұрғындары үшін жеңсік астың түрімен толтырды. Өнімдер нарық құнынан арзан бағада сатылды. Бүгінде ауданда барлығы 415 шаруа қожалығы бар. Оның 80-і мал шаруашылығымен айналысады.

МАҚСҰТ  ЖҰМАҒАЛИЕВ, МӘРТӨК АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мәртөк - облыстың ең бір жасыл желекті аудандарының бірі. Бұл бізге ауыл шаруашлығымен, бау-бақшамен айналысуға мол мүмкіндік береді. Ауданда ара балын өндіретін 12 шаруашылық бар, Бөдене, балық шаруашылықтарымен айналысатындар да бар. Аудан облыстың азық-түлік белдеуін дамытуға үлес қосып отыр дей аламыз.

Жәрмеңкеге қатысқандардың бірі түйе өсіретін  "Ойсылқара" шаруашылығы. 33 бас түйесі бар Балқадиша Ермұханова 20 жыл бойы тұрақты тұтынушыларына шұбат сатып келеді.  Сарыжар ауылдық округіне қарасты шаруашылық болашақта мемлекеттік бағдарлама арқылы несие алып, кәсібін кеңейткісі келеді.

БАЛҚАДИША ЕРМҰҚАНОВА, КӘСІПКЕР

Бұдан соң облыс басшысы  қалалық техникалық шығармашылық орталығының жұмысын көрді. Бердібек сапарбаев балаларға арналған түрлі үйірмелердің қызметімен танысты. Бұл орталықтың облыс көлеміндегі әр мектепте 12 филиалы жұмыс істейді. Мыңнан астам бала келіп қатысады.  Оқушылардың өз қолымен жасаған бұйымдары заманауи технологияны дамытудың алғы шарттары деуге болады.

 

Қосылды: 
04.07.2016 - 15:42
Соңғы өзгерiстер: 
20.09.2016 - 10:49

Жаңалықтар таспасы