Өңірде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жандана түспек

You are here

Өңір басшысының төрағалығымен облыс әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтті. Шара барысында облыстың дамуына арналған 5 мәселе қаралды. Оның ішінде  Премьер министр Кәрім Мәсімовтің жұмыс сапарының нәтижесі, Ақтөбе қаласының күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты сұрақтар, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуы талқыланды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Премьер Министр Кәрім Мәсімовтің біздің өңірге сапары маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін Үкіметтің қолдауын алуға кепіл болды деп атап өтті.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ  ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өткен мәжілісте қозғалған негізгі мәселе - облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуы. Белгілі болғандай, 5 тапсырма өз деңгейінде орындалмай отыр. Осыған байланысты себеп-салдар анықталып, проблемаларды шешу жолдары нақтыланды. Облыс орталығының тынысын жақсарта түсетін шараларды орындауға байланысты Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағын баяндама жасады. Бүгінгі басты мәселелердің бірі - жолдардың жөнделуі болып отыр. 

БЕКБОЛ  САҒЫН, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Шаһар басшысының айтуынша, қаланың ескі бөлігіндегі жолдарды жөндеу үшін қосымша 1 млрд. теңге бөлу қарастырылып отыр. Облыс әкімі бұл жұмыстарды жедел бастап, уақытылы аяқтауға тырысу керек деп ескертті. Оған қоса жол сапасы қатаң бақылауда болмақ. Сонымен қатар, мәжіліс барысында өңірде мемелкеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына ерекше мән берілді. Бердібек Сапарбаев үкімет басшысы облысқа сапары барысында жергілікті биліктің алдына Елбасының қойып отырған талап-міндетін орындау туралы нақты тапсырмалар жүктегенін еске салды. 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін төмендетуге жол жоқ деді облыс әкімі.  

Облыс әкімі "Нұрлы жол" , "Бизнестің жол картасы 2020", "жұмыспен қамтудың жол картасы 2020",  және басқа да мемлекеттің сүйекті бағдарламаларының өз деңгейінде жүзеге асырылуына байлынсты нақты тапсырмалар берді.

 

Қосылды: 
20.06.2016 - 10:30
Соңғы өзгерiстер: 
09.09.2016 - 14:03

Жаңалықтар таспасы