Өңірдің дамуы үшін маңызды меморандумға қол қойылды

You are here

Қазкоммерцбанк банкі аймақтың экономикалық бесенділігін арттыруды көздейді. Бұл облыс әкімдігі мен банк арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы келісім аясында жүзеге аспақ. Құрылымның өңірде жүзеге асыратын бірнеше ұсыныстарын тілшіміз Райгүл Еншібайқызы біліп қайтты

Облыстағы несие ресурстары 135 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде 19 миллиард теңгесі Казкоммерц банктің үлесінде. Әсіресе, депозит сақтауда және тұрғындармен жұмыс жасауда филиал алдыңғы қатарда. Облыс басшысы банктің өңірдегі филиалының жұмысына осылай деп, жоғары бағасын берді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиын барысында облыс басшысы банктің басқарма төрағасына бірнеше ұсыныс айтты. Банктің Батыс Қазақстандағы бас ғимаратын Ақтөбеде орналастыруды және филиалдарды жекешелендіруге қатысты мәселені алға тартты. Басқарма төрағасы Марк Хольцман өз кезегінде Ақтөбе облысының біз үшін ерекше маңызы бар. Себебі мұнда үлкен ұжымымыз бен жақында ғана ашылған ақпарат орталығымыз бар деді. Сондай-ақ жиын барысында ол облыстық денсаулық сақтау басқармасына медициналық құрал-жабдық алу үшін сертификат табыстады.

ӘСЕТ ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Кездесуде екі жақты келісімге қол қойылды. Меморандум облыстағы шағын және орта бизнестің дамуы, өнеркәсіп саласындағы перспективасы бар индустриялды -инновациялық жобаларды қолдау үшін аса маңызды. Бүгінде облыста филиалдың 23 бөлімшесі жұмыс жасайды. Оның 17-сі ақтөбе қаласында, 6-уы аудандарда орналасқан.

Қосылды: 
14.07.2016 - 16:15
Соңғы өзгерiстер: 
22.09.2016 - 09:26

Жаңалықтар таспасы