Өңірдің әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды

You are here

Ақтөбеде Үкіметтің қолдауын қажет ететін бірқатар мәселелер бар. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР-ның премьер министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен жиында айтты. Онда, өңірдің әлеуметтік -  экономикалық даму қарқыны айтылып, қол жеткізген жетістіктер мен шешімін табуы тиіс міндеттерге тоқталды.

Ақтөбе облысының даму қарқыны сөз болған жиынға түрлі басқармалар мен департаменттердің басшылары, мәслихат депутаттары, аудан әкімдері, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың жетекшілері қатысты. Жиында басшылық еткен үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, өңірге Елбасының тапсырмасы бойынша келгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір облыста қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған ауқымды жұмыстар атқарылып, қауіпсіздігіне баса көңіл бөлінуде.

КӘРІМ МӘСІМОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

Жиын барысында аймақтың бүгінгі жағдайы туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев баяндады. Облыс басшысы, әлемдік нарықтағы ахуалға қарамастан бірқатар салаларда тұрақты өсімнің сақталғанын атап өтті. Алайда, Ақтөбеде Үкіметтің қолдауын қажет ететін бірқатар мәселелер екенін жеткізді. Облыс әкімінің айтуынша, айтуынша өңірде болған соңғы оқиғаларды, сонымен қатар облыстың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуын есептегенде кадрлық қамсыздандыру, сонымен бірге құқық қорғау және арнайы органдарды материалдық-техникалық жағынан жабдықтау мәселесі өткір тұр. Сондай-ақ, қазіргі таңда нысандарды антитеррорлық  қорғауды күшейту, бейнебақылау камераларының санын көбейту және оларды техникалық жағынан қамтамасыз ету аса қажет. Облыстың осы және өзге де жоспарларын жүзеге асыру үшін 16,6 млрд теңге қажет екен.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі, өңірдің даму қарқынын нақты баяндады. Өндіріс, тау-кен және құрылыс салаларында сәл төмен көрсеткіштер байқалғанымен, ар. Дегенмен, қазір жергілікті атқарушы органдар бұл мәселе бойынша көптеген жұмыстарды қолға алғанын жеткізді. Жыл соңына дейін тағы да ірі жобалар жүзеге аспақ.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазір, Ақтөбе облысының өзге аймақтармен кооперациялық байланысы көпке үлгі. Оңтүстік өңірлермен тығыз байланысының арқасында, бүгінде жергілікті жердегі азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеген. Жиын барысында өндірісті аймақтың көрсеткіштері туралы Үкімет мүшелері де айтып өтті.

ҚУАНДЫҚ БИШІМБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ

Облыстың әлеуметтік экономикалық даму қарқыны айтылған жиын кезінде, Үкімет басшысы қоғам белсенділерінің бірқатар сұрақтарына да жауап берді. Сондай-ақ, премьер министр, әлеуметтік мәселелерді шешуге мейлінше көңіл бөлінуі қажет екенін атап өтті. Ең бастысы, Елбасының тапсырмаларын орындау қажет деді. Ә.М, Арман Досмағамбетов "Қ-А"

Қосылды: 
15.06.2016 - 17:30
Соңғы өзгерiстер: 
09.09.2016 - 14:24

Жаңалықтар таспасы