Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы

You are here

Ақтөбе облысының жаңа инвестициялық жобалары. Оларды кәсіпкерлікті қолдау картасына қосудың тетіктері. Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында осындай мәселелер қаралды. Бүгінде кәсіпкерлікті қолдау картасына 807 млрд. теңгені құрайтын  91 жоба енгізілген. 12 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылады.

Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген 90-ннан астам жобаның ішінде 6 жылда 559 млрд. теңгеге 78 жобасы іске асырылып, 7,1 мың жаңа жұмыс орыны ашылды.  Алдағы үш жылға кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген 13 жобаны жүзеге асыру басталды. Ал биыл бірінші жарты жылдықта аз тонналы мұнай өңдеу зауыты мен үй құрылысы комбинаты іске қосылмақ. Облыс басшысы жобалардың маңыздылығына тоқталып өтті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кеңес отырысында, индустрияландыру картасына қосу үшін ұсынылған жаңа инвестициялық жобалар таныстырылды. Мәселен, бізде «Хромикс» пигмент-толықтырғышы мен хром құрамды шикізаттан ұнтақ өндіру цехы» салынбақ. Сол сияқты «Тіркеме дөңгелекті техникалар өндірісі» жүзеге асқан жағдайда 60 адам жұмыспен қамтылады.  Ал Казақстан мұнай компаниясының директоры  Серік Қарымсақов бензол өндіретін зауыттың жобасы туралы баяндап берді.  Өндірістің инвестиция көлемі 4 400 млн. теңге және іске қосылғанда 230 жұмыс орны алышуы жоспарланған.

СЕРІК ҚАРЫМСАҚОВ, "ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ КОМПАНИЯСЫ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Аталған үш жобаның барлығы да өңірлік үйлестіру кеңесі мүшелері тарапынан қолдау тапты. Енді, жобаларды жүзеге асыру үшін жер телімдері берілетін болады. Жиын барысында, облыс әкімі кеңес мүшелеріне бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берді. Ә.М, Самат Қалекенов "Қ-А"

Жаңалықтар таспасы