Өңір басшысы мәжіліс депутаттарымен кездесті

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірге келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мейрам Пшембаев, Иван Клименко, Евгений Козлов және Шавхат Өтемісовтермен кездесті.

Депутаттардың жұмыс сапарының мақсаты – мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының негізгі жағдайларын түсіндіру үшін халықпен, кәсіподақпен және өзге де ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізу.

Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев облыстың Елбасы тапсырмаларын орындау аясындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жетістіктері жайында айтып берді.

- 2017 жылы біз Президенттің облыс экономикасының динамикалық өсімін қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындадық. Осылайша, біз өңірдің  әлеуметтік-экономикалық және рухани жағынан әрі қарай белсенді дамуы үшін мықты іргетас қалай алдық. Биыл біз сондай-ақ, экономикалық өсімді 5%-ке жеткізуді көздеп отырмыз, -деді Б. Сапарбаев.

Ол өткен жылдың қорытындысы бойынша барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық даму, соның ішінде  өндіріс, инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы және т.б. көрсеткіштерінде оң динамика байқалғанын нақтылады. Жұмыспен қамтудың кешенді жоспарымен 40 мыңнан астам адам қамтылып, 16 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Жалпы, қабылданған шаралардың арқасында жалпы жұмыссыздықты 4,8% деңгейінде ұстап тұру мүмкін болды. Осы жылы  кем дегенде 17,5 мың жаңа жұмыс орындарын құру, ал өзін өзі жұмыспен қамтығандар санын нәтижелі жұмыспен қамтуға ауыстыру есебінен 10-15% төмендету жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, сұхбаттасушылар Президенттің бес әлеуметтік бастамасының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың Ақтөбе облысында жүзеге асырылуына қатысты сұрақтарды талқылады.

Парламент Мәжілісінің депутаттары бір апта бойы Ақтөбеден басқа, Хромтау, Әйтеке би, Мұғалжар, Мәртөк, Қобда және Ойыл аудандарының елді мекендерінде болады.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі