Өңір басшысы қаланың санитарлық жағдайын сынға алды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев демалыс күндері облыс орталығын аралап, бірқатар көшелер мен демалыс орындарындағы тазалық мәселесін пысықтады. «Нұр Ғасыр» мешіті мен 12 шағын ауданның ортасындағы жасыл алқап тұрғындарға демалуға қолайлы емес. Мұнда тазалық мәселесі көңіл көншітпейді. 12 шағын ауданның жанынан ағып жатқан Сазды өзенінің жағалауының да тазалық мәселесі мәз емес. Мұндағы өзен айналасындағы жерлер қамыстан әлі  тазартылмаған. Сенбілік кезінде жиналған қоқыстардың үйілген жерінде қалғанын көрген өңір басшысы жауапты тұлғаларды тұқыртты. Облыс басшысы 101 атқыштар бригадасы, Станционная, Иманов көшелеріндегі тазалықтың нашарлығына назар аударды. Вокзал маңындағы берекесіздіктерді де сын тезіне салды. Тұрғындар маңайдағы қоқыстарын тазартпайды және үйлерінің алдына шығарып тастайды. Мұны көрген Бердібек Сапарбаев үй жанынан  қоқыстарды таяу күндерде жоюды қала әкімі Бекбол Сағынға тапсырды.

Қосылды: 
11.05.2016 - 14:36
Соңғы өзгерiстер: 
16.09.2016 - 15:24