Өңір жұлдыздары Ақтөбеліктерге рухани қолдау көрсетті

You are here

Өткен демалыс күндері ақтөбеліктер танымал Музарт тобының және жергілікті өнерпаздардың концертіне куә болды. Тұңғыш президент атындағы орталық саябақта өткен мерекелік бағдарлама ақысыз ұйымдастырылды. Ақтөбеде болған оқиғалардан соң өнер адамдары халықтың күпті көңілін басып, жақсы ән кешін сыйлауға, рухани қолдау көрсетуге келгендерін айтты.

Ашық аспан астында өткен ән кешіне 5 мыңдай қалалықтар келді. Саябақта ине шаншар жер болмады.  Ақтөбеде болған  террорлық актілерден кейін  өнер адамдары  ақтөбеліктерге қоолдау көрсетті.  Алғашқы болып қаламызға келген  Музарт тобы осының айғағы.   Биыл топтың құрылғанына  15 жыл толуы қарсаңында алғаш рет  ақтөбеліктермен бірге  атап өткіміз келді дейді.

МЕЙРАМБЕК  БЕСПАЕВ, «МУЗ АРТ» ТОБЫНЫҢ ӘНШІСІ

СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВ, «МУЗ АРТ» ТОБЫНЫҢ ӘНШІСІ

КЕНЖЕБЕК ЖАНӘБІЛОВ, «МУЗ АРТ» ТОБЫНЫҢ ӘНШІСІ

қазақ эстрадасының  жұлдыздары өнерлерімен  тек  жастардың ғана емес, аға буынның да жүрегінен орын алды. Музарттың  репертураныдағы эстрадалық әндерден бөлек халық әндерін көпшілік сүйіп тыңдайдыны анық. әншілердің концертін қалалықтар ыстық ықыласпен қабылдап, бір серпіліп қалды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

МузАРТ» тобы  «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері атанды. «Ұлттық үздік әнші жүлдесі» жобасының үздік ондығына енді.  "Үздік ұжым" номинациясын да жеңіп алған болатын. Ал Топтың 15 жылдығына орай «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы   «МузАРТ LIVE» мега-жобасынын бастады.  

МЕЙРАМБЕК  БЕСПАЕВ, «МУЗ АРТ» ТОБЫНЫҢ ӘНШІСІ

Ақтөбеде болған қантөгіс барша қазақстандықтардың жанына батқаны рас,  сол күндері ақтөбеліктерге ел болып, қолдау көрсетілді. Бұл Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген тұрақтылық, бейбітшілік пен тыныштыққа жасалған шабуыл",деген еді көпшілік. бүгінде облыста  жағдай қалыпты.  Осындай қолдауларды сезінген  облыс халқы  аспанымыз ашық,  бейбіт өмір жалғаса берсін деген ниетте. 

Жаңалықтар таспасы