2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша облыстың даму қорытындысы

You are here

Ақтөбе облысында бірінші жарты жылдықта 8 мың жұмыс орны ашылды. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбелік журналистермен болған кездесуінде мәлімдеді. Осы және өзге де облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ресми ақпараттан кейін төртінші билік өкілдерінің басқосуы еркін тақырыптағы сұхбат алаңына айналды. 

Дағдарысқа қарсы құрылған кешенді жоспар аясында жұмыссыздықпен күрес мәселесіне көбірек ден қойылған. Тұрғындардың шағын және орта кәсіппен, отбасылық-фермерлік шаруамен айналысуы үшін мемлекет тарапынан берілетін қаржылай қолдауларды алу мүмкіндігі артты. Ауыл шаруашылық өндірісі 2,5%-ға өсіп, 57,0 млрд.теңгені құрады. Суармалы жерлер алаңын кеңейту мақсатында 18,3 мың гектар жер айналымға енгізілді, 8,9 мың гектар жерді үнемі суарып тұру үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Ал газдандыру мәселесіне келер болсақ, ол 86 пайызды құрайды. Өңір халқының 90 пайызы ауызсумен қамтылып отыр.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

12 елді мекенді газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін 13 млрд теңге бөлінді. Ал сумен қамту бойынша жұмыстар 21 елдімекенде жүріп жатыр. Жалпы, облыста газбен қамту облыс  86 пайыз, ауыз сумен қамту 90 пайызды құрайды. Бұл мәселе әлі де бақылауда.

Осы жылдың алты айында өңірде тау-кен өндірісі төмендепті. 92,8 пайыз. Осыған байланысты өндірістік өнім көлемі азаятыны белгілі. Өсімнің баяулауына мұнай мен тау-кен саласындағы өнім бағасының төмендеуі әсер етіп отыр. Десек те,  облыстағы ірі кәсіпорындардың толық іске қосылуы және индустриялық-иннновациялық даму бағдарламасы аясында жобалардың жүзеге асуы жаңа жұмыс орындарының ашылып, өндіріс көрсеткішінің қанат жаюына сеп болуда.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазір өңірде діни ахуал тұрақты. Жиын барысында облыс әкімі ақтөбелік имамдардың діни сауаттылығын арттыру үшін оқуға жіберілгенін айтты. Ол  жат ағымның жетегінде кеткендерді дұрыс жолға салу үшін қоғамға сауатты мамандар керектігін айтып өтті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын бүлдіршіндерді білім ордасына қабылдаудың Ақтөбенің кейбір мектептерінде жаңаша формасы пайда болыпты. Ол ел заңнамасында көрсетілмеген. Яғни, мұғалімдер бірінші сыныпқа баланы білім сынағы арқылы қабылдауды шығарған. Аймақ басшысы қалалық бұл мәселені анықтаймыз  деді. Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев осы жазда Ақтөбеде халықтық серуендер, мәдени көпшілік шаралар демалыс күндері жиі өтіп жатқанымен тұрғындар көп бармайтынын байқаған.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сондай-ақ кездесуде Бердібек Сапарбаев әлеуметтік желіде журналистерді, жалпы қоғамды мәдениетті болуға шақырды. Желілерді бір-біріміздің өкпелерімізді айтуға, бір-бірімізбен есеп айырысуға пайдаланамыз деген ол ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіну керектігін айтып, жиынды қорытындылады.

 

Жаңалықтар таспасы