2016 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша елімізде көш бастады

You are here

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиынға барлық деңгейдегі әкімдер, қалалық, облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, ірі компания, кәсіпкерлік субьектілерінің басшылары қатысты. Жиын кезінде өңірдің өнеркәсіптік саясатының орындалуы, бизнестің дамуы мен мемлекеттік-жеке меншік серіктестік саласы қорытындыланды.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтың айтуынша, биыл соңғы үш жылда алғаш рет өнеркәсіп өндірісінің көлемі 100,2 пайызға жетіп, 1,2 трлн теңгеге жетті.

- Өңір экономикасын индустрияландыру және әртараптандыру бағдарламасы аясында облысымыздың өңдеу өнеркәсібі ҚР бойынша көшбасында келеді. Нақты көлем индиксі 115,8% құрады немесе 355 млрд. теңгеге жетті. Ал өңдеу өнеркәсібінің үлесі 26 пайыздан 30 пайызға дейін көтерілді. «ҚазХром» ТҰК» АҚ-ның №4 цехы, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты, Ақтөбе хром қосындылары зауытында өнеркәсіп өндірісі өсіп, жақсы көрсеткішке қол жеткіздік. Биыл өндіріс көлемі тағы 400 миллиард теңгеге артады деген жоспар бар,- деді Қайрат Бекенов.

Өткен жылы ілеспе газ өндірісінің көлемін 6,5 миллиард текше метрге, мыс кенін өндіруді 3,9 млн тоннаға, хром кені 5,5 млн тоннаға дейін көтерілді. Биылғы жылы атқарушы билік барлық көрсеткішті көтеруді көздеп отыр. Атап айтар болсақ, өнеркәсіп өндірсінің көлемі 1,3 трлн.теңгеге дейін өседі деп күтілуде.

ҚР Энергетика министрлігінде бекітілгендей 2017 жылы мұнай өндірісінің көлемі 7 пайызға дейін төмендейді. Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне бірнеше дәлелді себеп бар. Негізінен ескі кен орындарында мұнай сарқылып, бұрғылау жұмыстары бәсеңдеді. Осыған орай мұнай өндіруші кәсіпорындарға «қара алтын» өндіру көлемін төмендетпеу үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, өндіріске жаңа технология енгізу ұсынылды. Тау-кен кәсіпорындары хром, мыс, мыс-мырыш, құрамында алтыны бар кенді игеру жұмыстарының қарқынын бәсеңдетпеуге келісім берді.

Өңірдегі 109 жер қойнауын пайдаланушымен арадағы келісім шарт міндеттерін қатаң бақылап, қатты пайдалы қазба бойынша 8, кең таралған пайдалы қазба бойынша 13 келісімнің күші жойылды. Cонымен қатар, жергілікті үлес көлемін арттыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 2016 жылдың 9 айында 142 миллиард теңгенің жұмыс пен қызметі пайдаланылып, тауары сатып алынды. Қазақстандық өндірушілердің үлесі 83 миллиард теңгені құрады. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасып, жанданады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ұзақмерзімді өміршең жобаларды іске асыруда ірі стратегиялық серіктестер, оның ішінде «ҚазХром» ТҰК» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Русская Медная Компания» кәсіпорыны, «Восход Ориел» ЖШС облыс экономикасына 374 млрд.теңге инвестиция салды.

Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында құны 6 миллиард теңге болатын жобалар іске қосылды. Оның ішінде үй құрылыс комбинаты, мұнай өңдеу зауыты, пигментті және магнезиальді ұнтақ шығару өндірісі бар. Ақтөбе

қаласында көлік-логистикалық орталығы мен құрылыс материалдарының гипермаркеті, ет консервілерін дайындау цехы, Алға ауданында құс сою цехы іске қосылды. «Ақтөбе» индустриалды аймағының территориясында ескі доңғалақтарды қайта өңдейтін және қауіпсіз жабынды шығаратын зауыт салынды. Жыл соңына дейін тағы төрт жоба іске қосылып, 8 жобаның құрылыс-монаж жұмысы басталады.

2017 жылы 380 миллиард теңге инвестиция тарту және игеру жоспарланды. ҮИИДБ екінші бесжылдығы аясында 2019 жылға дейін құны 260 миллиард теңге болатын жаңа 20 жобаны іске асыру, 6 мың жұмыс орнын ашу жоспарға енді. Оның ішінде биыл 6 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланды.

Өңірде құны 28 миллиард теңге болатын мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобасы іске асырылып жатыр. Оның 12 миллиард теңгесі шетелдік капитал. Мәселен, 2500 орынды Мұз сарайы, қалалық жедел-жәрдем бекеті, томографиялық орталық бар. Жалпы айтқанда, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобалары бойынша Ақтөбе облысы еліміз бойынша алғашқы орында келеді.

Ақтөбе облысының әкімі ірі компания жетекшілеріне 2017 жылы өнім өндіру көлемін жоспарлы межеге жеткізуді, геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуді, жаңа технологиялар мен ноу-хау енгізуді, жұмыс орындарын сақтап қалуды, жұмысшылардың жалақысын уақытылы төлеуді, өнеркәсіптегі өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартуы тапсырды.

Сонымен қатар, облыстағы ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысына үнемі мониторинг жүргізіледі. Себебі, проблемалық сұрақтарды дер кезінде анықтаутұрақтылықты сақтап қалуға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жұмысын жандандыруға септігін тигізеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар таспасы