2016 жылы Ақтөбе облысында 6,3 мың гектар суармалы жер айналымға енгізілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы тапсырмаларды орындау аясында Ақтөбе облысында жерді мақсатты пайдалану жұмыстарын әрі қарай жалғасады. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халықпен кездесуінде айтты.

Шараға қоғамдық өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, қоғамдық, діни, этно-мәдени бірлестік өкілдері мен ірі шаруашылық субьектілері, қаржы институттарының, БАҚ қатысты. Сонымен қатар облыстағы 12 аудан тұрғындары онлайн режимінде тікелей қосылды. Барлығы 10 мың адам қатысты.

- 2016 жылдың қорытындысы бойынша өңірде суармалы жер көлемі 12 мың гектардан 18,3 гектарға дейін ұлғайтылды. Біз 2020 жылға дейін өңір бар барлық суармалы жерлерді тиімді айналымға енгізуде көздеп отырмыз,- деді Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы бүгінде 19,5 мың гектарды қалпына келтіру мақсатында жобалық-сметалық құжат әзірленгенін айтып кетті. Аталмыш жобаны қаржыландыру мәселесі халықаралық қаржы институттарымен, соның ішінде Еуропалық қайта құру және даму банкімен пысықталып жатыр. Осылайша, 2018 жылы суармалы жер көлемі 40 мың гектардан кем болмайды.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі