2017 жылдың қорытындысы бойынша 40 мыңнан астам ақтөбеліктер жұмыспен қамтылды.

«Елді жұмыспен қамту мәселесі Ақтөбе облысындағы басты міндеттердің бірі болып қалады. Өткен жылы аймақтағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады». Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген баспасөз конференциясында «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы Утаров Қайрат Орынбасарұлы мәлімдеді. 

Басқарма басшысының айтуынша аймақтағы жұмыссыздықтың өсуін болдырмау мақсатында жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды қайта даярлауды көздейтін халықты жұмыспен қамтуды жандандырудың кешенді жоспары мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылған.

 «2017 жылға арналған Кешенді жоспарға сәйкес, 40 082 адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды, жоспар  31,1 мың адамды құрады. Мәселен, мемлекеттік және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға байланысты облыстың 2581 тұрғыны 321 жобаға тартылған, тағы 15 883 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 10356 адам қамтитын 4,7 млрд теңге игерілді» - деді Қ.Отаров.

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие 62 мамандық бойынша кәсіптік дайындыққа шамамен 6 мың адам жіберілді, сонымен қатар «Бизнес Бастау» пилоттық жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1125 адам бағытталды, аталған азаматтар санатынан 254 адамға өз кәсібін ашуға  шағын-несие берілді.  Жалпы алғанда, 700-ге жуық Ақтөбе тұрғыны, өз бизнесін ашу және шаруасын кеңейтуге 3 млрд теңгеге шағын несиеге қол жеткізді. 

Сонымен қатар облыс бойынша 2062 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 8850 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, Жастар тәжірибесіне 3037 түлек жолдама алды. Атқарылған шаралар нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. 

Ағымдағы жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен тжұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар санатынан 32,4 мың адамды қамту жоспарланды. Атап айтқанда, 3374 ақтөбелік техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасына қатыса алады,  2231 адам «Бизнес – Бастау» жобасы бойынша бизнес және қаржылық сауаттылық негіздерін үйренуге мүмкіндіктері бар. 

274 азамат өз ісін ашуға шағын-несие ала алады. 

Басқарма басшысы өз баяндамасын: «Әлеуметтік жұмыс орындарына 1417 адамды, жастар тәжірибесіне – 2137, қоғамдық жұмыстарға - 7468 адамды жіберуді  жоспарлап отырмыз», - деп қорытындылады.

 

Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі