2017 жылы Ақтөбедегі жолдарды жөндеуге 7,8 млрд. теңге жұмсалады

You are here

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе теннис орталығында өткен есеп беру кездесуінде айтты.

Өңір басшысының айтуынша, облыстағы республикалық, облыстық және аудандық маңызға ие жолдың жалпы ұзындығы 6 979,4 км құрайды. Оның 5085,7 шақырымы облыстық және аумандық маңызға ие. Тасжолдың 67% нашар күйде. 2016 жылы облыстағы жолдарды жөндеуге 8,9 миллиард теңге бөлінді. Қаржы ұзындығы 108,8 км болатын 74 жобаны іске асыруға жұмсалды. Оның 53,9 км аудандық және қалалық жолдар.

Облыстағы көлік жолдарының 67%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Мемлекет аталмыш мәселені шешу үшін қаражат бөлуде. Қазіргі таңда біз жолдарды салу мен жөндеуде жаңа технологияларды енгізіп, жергілікті материалдарды пайдаланудамыз. Жолдардың жағдайы – облыс тұрғындарын толғандыратын маңызды мәселелердің бірі. Біз олардың сапасын жақсарту жұмыстарын әлі де жалғастыратын боламыз,-деп атап өтті өңір басшысы.

Биыл жол жөндеу жұмыстарына 7,8 миллиард теңге бөлінді. Барлығы 298 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп. Сонымен қатар, құны 740 миллион теңге болатын «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолының», «Ақтөбе-Орск» (1 450 млн.тг.) жолының, сонымен қатар Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жол өтпесін жөндеу (220 млн.тг.) жұмыстары басталады.

Барлығы 27 жоба жоспарланды. Оның ішінде Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск тасжолының 30-45 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасы бар.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар таспасы