2017 жылы Ақтөбе облысының мемлекеттік органдары 5,7 млн-нан астам қызметтер көрсетті

Бұл туралы Өңірлік қызметтер коммуникациясындағы баспасөз-конференциясы барысында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов айтты.

Оның айтуынша департамент қызметі бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мониторинг жасау болып қалады.

«2017 жыл ішінде облыстың мемлекеттік органдары 5,7 млн.-нан астам мемлекеттік қызметтер көрсетті. Біздер 19 таңдамалы және 28 жоспардан тыс тексерулер жүргіздік, солардың барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында 984 заң бұзушылықтар анықталды. Қажет емес құжаттарды талап ету, құжаттар пакеті толық болмаса да қызметтер көрсету, процедураларды, мерзімдерін бұзу, негізсіз бас тарту оқиғалары және басқалары анықталды. Мемлекеттік органдарға 98 ұсыныс жолданып, 28 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады баспасөз-конференциясында Рафхат Бисенов.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын және «Мониторинг» АЖ талдамалы ақпараттарды ішкі тәртіп бойынша тексеру нәтижесінде 30 тұлға тәәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны үшін денсаулық сақтау, жер қатынастары, сәулет және ветеринария саласындағы лауазымды тұлғаларға қатысты 11 әкімшілік іс қозғалды. Жұртшылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Жасырын сатып алушы» әдісі бойынша қоғамдық бақылау» жобасы жүзеге асырылды, соның аясында мемлекеттік органдарға 37 бару ұйымдастырылды және 50 заң бұзушылықтар анықталды. Олар негізінен мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуда оларға жағдайлардың жасалмауына, қызметтерді алушыларға арналған ақпараттық стенділердің болмауына және сәйкес келмеуіне, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағындағы кеңес берушілердің, кезекті азайту үшін қажетті анықтамалар беретін терминалдардың жетіспеушілігіне және басқаларына қатысты», - деп атап өтті Рафхат Бисенов. 

Осы жоба қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде 33 ұсыныс жолданды.

 

 

Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі