2018 жылы Ақтөбе облысында 650-ден астам мектеп пен аурухана жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі

28 наурыз, сәрсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен кездесті. Жиын барысында ірі телекоммуникациялық оператордың басшысы аймақтағы кеңжолақты интернетке қолжетімділіктің дамуы туралы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы хабарлады, сондай-ақ «Smart сity» жобасын іске асыру үшін жаңа шешімдер ұсынды.

- Биылғы жылы пилоттық режимде «ақылды үй» жобасын іске қосуға дайынбыз, оның ішінде бейнекамераларды, қозғалыс сенсорларын, электр есептегіштерін, су беру көздерін және т.б. қосу қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні «Ақылды қала» аясында  ақтөбелік үйлердің кіреберісінде 170 камера жұмыс істеп тұр, биыл қосымша 800 бейне камераны қосу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, әлеуметтік объектілерді талшықты-оптикалық байланысқа қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жақын арада біз Ақтөбені цифрландыру саласындағы жетекші қалалардың бірі болуы үшін айтарлықтай қаражат саламыз, - деді Қ.Есекеев.

Өз кезегінде облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

- Жалпы, біз сіздердің ұсыныстарыңызды қолдаймыз және өңірді әрі қарай цифрландыру үшін қажетті қаражат бөлуге дайынбыз. Басты мәселелердің бірі - білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде, әсіресе ауылдық елді мекендерде интернеттің жылдамдығын арттыру, -деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ тіркелген байланыс қызметін Ақтөбе облысының пайдаланушыларының 80%-ын құрайды. Биылғы жылы компания облыс әкімдігінің бірлескен қаржыландыруымен 340 мектеп пен 325 медициналық мекемені жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Осы мақсаттарға 875 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалады, оның 450 млн. тг компания қаржысы болып отыр. Сондай-ақ, аудандық әкімдіктер мен ХҚКО жоғары жылдамдықпен интернет желісіне кіруді қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Құқық қорғау, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында да жаңа цифрлық технологияларды қолдану жоспарлануда.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі