2018 жылы 42 мыңнан астам ақтөбелік жұмыспен қамту шарасымен қамтылады

12 наурыз, дүйсенбі күні Ақтөбе облысының әкімдігінде Мемлекет басшысының өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті  дамытуға арналған бағдарлама» туралы тапсырмасын орындау барысы қаралды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен бейнеконференцияға аудандардың әкімдері мен бірқатар мемлекеттік органдардың, даму институттарының, екінші деңгейлі банктердің басшылары қатысты.

Ағымдағы жылы Ақтөбе облысында осы бағдарламаны іске асыруға 6,4 млрд. теңге бөлінеді (2017 жылы - 4,8 млрд. теңгеден астам). Облыс басшысы қаражаттың уақытылы және тиімді игерілуі үшін барынша шараларды қабылдауды тапсырды.

- Біздің басты міндетіміз – жұмыссыздықты өсірмеу және 4,8% деңгейінде ұстап тұру. Ағымдағы жылдың басынан бері бағдарламаны іске асыруды талдау нәтижесі қарқынды арттыру қажет екендігін көрсетеді. Тұрақты жұмыс орындарын құру және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға баса назар аудару керек. Бюджет қаржысын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға өнімді жұмсау өз уақытында және толық көлемде игерілуі тиіс», - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басышысы Қайрат Отаровтың сөзінше Бағдарлама аясында 2018 жылы мыңнан аса адам тегін кәсіби-техникалық білім алмақ. 2300 адам қосарлы білім берудің қысқа мерзімді курсыннан еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша өтеді.  Өткен жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді оқудан өткен азаматтардың 93%-ы жұмысқа орналасқан.

Бұдан өзге, биыл облыстағы  барлық 12 ауданның тұрғындары «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері оқуының курсынан өте алады. Өткен жылы бизнес жаттықтырушылары тек алты ауданда ғана жұмыс істеді. 2200-ден астам азамат өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарға кәсіпкерлік дағдыларды меңгеруге, олардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және микрокредитті алуға бағытталған тренингтерден өтеді деп күтілуде. Айта кетейік, осы жылы бағдарлама аясында кәсіпкерлікті дамыту үшін гранттар да берілетін болады. Аталмыш грантқа Ақтөбе облысынан елу адам қол жеткізеді деп жоспарланып отыр.

- Шағын несиені кеңейту – Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бірі. Бұл жұмысты күшейту керек. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытуға гранттар ұсынатын даму институттарымен серіктестікті кеңейту қажет, республикада мұндай ұйымдар аз емес,-деп атап өтті облыс әкімі.

Еңбек нарығын дамытудың арқасында биыл жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен барлығы 42 мың өзін өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздар мен тұрмысы нашар азаматтарды қамту көзделген. 1 наурыздағы жағдай бойынша жоспар 10,3% орындалды.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі